қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2019

«Адал Ұстаз-2019» қалалық конкурсы

 

2019 жылдың 25-26 қыркүйегінде Алматы қаласының Оқушылар сарайында Алматы қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Адал Ұстаз» конкурсы өтті. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын және «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын жүзеге асыру мақсатымен ұйымдастырылды.


Оған Алматы қалалық Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің, Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары, барлығы - 700-ден аса адам қатысты.


«Адал ұстаз» конкурсының  қазылар алқасы құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты директоры, профессор Б.Жұмағұлов, директордың ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары М.Мұратқазин, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Г.Мейрбекова және Н.Қалқаева болып, шараның өтуіне өз үлестерін қосты.


Бұл конкурстың мақсаты педагог мәртебесін көтеру және педагогтер мен білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы нәтижелі тәжірибелерін ортаға салу және бағалау болатын.


Конкурстың 1-ші күні педагогтар «Заманауи педагог тұлғасы. Адал ұстаз» тақырыбында ой-толғау жазды. Сонымен бірге, сайыскерлердің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңы бойынша жабық тест, ашық тест тапсырмаларын орындап өздерінің сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы білімдері сыналды. Конкурстың 2-ші күні сайыскер-педагогтің және ол қызмет ететін білім беру ұйымының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы іс-шаралары мен нәтижесі бойынша таныстырылымы болды.

 

Конкурс нәтижесі бойынша келесі педагогтер жеңімпаз атанды:
I орын - Самсалиева С.С. (№175 Г);
II орын - Үсейн Е. (№198 ЖББМ) және Сүндетов Н. (№188 МГ);
III орын - Ақжолов А. (№172 МГ), Түктібаева А. (№69 ЖББМ), Төлеуғали Қ. (№148 МГ) иеленді.


Конкурстың қорытынды кезеңінде сөз алған Тарих және құқық институтының директоры Б.Жұмағұлов - мұндай шара адам баласы бойындағы адал қасиеттерді саралауда, педагог қызметкерлердің еңбектерін бағалауда үлкен игілік іс болатынын айтып, мектеп оқушыларына университетімізде оқытылатын мамандықтар жайында ақпарат беріп, оқуға шақырды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Тарих және құқық институты