Оқу -әдістемелік қызмет
Кафедра дайындауға қатысатын мамандықтардың тізімі: 5В020500 - филология: қазақ тілі мен әдебиеті. 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті. 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. 5В020500 - филология: қазақ тілі мен әдебиеті. Сырттай бөлімде жедел оқу түрі 3 жылдық және екінші жоғары оқу 2 жылдық 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті. Сырттай бөлімде жедел оқу түрі 3 жылдық және екінші жоғары оқу 2 жылдық 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Сырттай бөлімде жедел оқу түрі 3 жылдық және екінші жоғары оқу 2 жылдық. Кафедра тізімде көрсетілген мамандықтардың қазіргі заман талаптарына және міндетті білім стандартына сай даярлануына кадрлық, білімдік потенциалын толық арнап келеді. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша филолог мамандар (050205- филология: қазақ тілі мен әдебиеті) даярлау ісінде қазақ тілі мен әдебиетін болашақта ғылым саласы ретінде зерттейтін мамандар етіп шығару мақсаты көзделеді. Ал қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетіне (050121 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сырттай бөлімде жедел оқу түрі 3 жылдық және екінші жоғары оқу 2 жылдық) маманданатындар орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері болып шығады. Сонымен бірге, 050117 - қазақ тілі мен әдебиеті 4 жылдық, 2 жылдық (2-мамандық) т.б. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына даярланушылар қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 050504 -журналистика мамандығын бітірушілер «журналист» біліктілігін алып шығады. Кафедраның құрылымдық және қоғамдық бөлімдері: студенттердің ғылыми қоғамы (жетекшісі, ф.ғ.д. С.Асылбекұлы), әдістемелік секция (жетекшісі проф. Т.Жұмажанова), С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік (жетекшісі проф.Т.Тебегенов, эдвайзерлер, тәлімгер кеңесі). Кафедра ұстаздарының жетекшілігімен С.Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық өнер бірлестігі құрамындағы «Жас қалам», «Қолтаңба» клубтары нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес» негізгі мамандандырушы міндетті пәндер: «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», «Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Шет елдер әдебиетінің тарихы», «Қазақ әдеби сынының тарихы», «Шешендік өнер және мәнерлеп оқу», «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы», «Казахская литература» (орыс тілді топтар үшін), «Шығыс әдебиетінің тарихы», «Балалар әдебиеті», «Абайтану» барлығы -17 пән) бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірлеп шығарды. Кафедра мәжілісінің жылдық жоспары толық жасалған. Күн тәртібіне қойылған мәселелер оқу жүйесін, оқу-әдістемелік талаптарды, ғылыми жұмыстарды, оқу тәрбие процесін, жауапты қоғам түрлерін жан-жақты қамти келіп, әр маусым, әр тоқсан бойынша есепке алынып отырады. Кафедрада міндетті пәндердің типтік бағдарламасы жасалған. Әр пәнді оқытудың кешенді жүйесі іске асырылады. Кафедра ұстаздарының мақсаты - әдебиеттану ғылымының салаларын теориялық-әдістемелік тұрғыдан терең оқыта отырып, қазақ әдебиетін кәсіби дәрежеде меңгерудің ғылыми-методологиясын іске асыру; болашақ педагог мамандардың білім, білік, іскерлік, әдістемелік шеберлік т.б. қабілеттерін дамыта келіп, нәтижелі білім сапасына жету. Қазіргі кезеңде білімнің сапасын көтеру, студенттердің кәсіби біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатында оқу процесінде инновациялық тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдану - кафедра оқытушыларының міндеті. Кафедра ұжымы баспадан шығарған оқу құралдары, оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми монографиялар республика көлемінде қолданысқа ие.
«5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері Болатбек Тоғжан, Сұлтанова Назира, Асанова Гүлнара, Сапарбек Балым, «5В020500-филология» мамандығының 2-курс студенттері Нұрғали Әсем, Жұматай Анар, 3-курс студенті Ермекқызы Арай - кафедраның үздік студенттері.
|