қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

Кафедрада екі студенттік үйірме жұмыс жасайды: «Жас журналист» және «Сейфуллин атындағы бірлестік» үйірме жұмысы нәтижесінде ҚР  БАҚ мақалалар және ғылыми баяндамалар жарыққа шықты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абай Университеті» газетіне кафедраның 1-2-3 курс студенттерінің туындылары жарияланып тұрады, «Сейфуллин атындағы бірлестік»  жетекшілігімен университетішілік «Ақ сезімді, ақ арман» атты студент жастардың жыр-жинағы  жарық көрді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өткізілген  республика жоғары оқу орындары студенттерінің «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік жас зерттеушілер форумының «Ақыл-ой алаңы» зияткерлік сайысында «Сейфуллин атындағы бірлестік» мүшелерінен құрылған «Ақ тұйғын» тобының мүшесі 1-курс студенті А.Алиасқар ІІ орынды,  «Ақберен» тобының мүшелері 1-курс студенттері Е.Отар, Н.Ғұмар  ІІІ орынды, «Ақ жорға» тобының мүшесі  2-курс студенті М.Қарамендиева ІY орынды иеленді.

2013 жылдың 19-20 сәуір күндері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» атты республикалық студент жастар фестивалінде 2-курс студенті Мантай Гүлжайна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ф.К.Қарақұлова.

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Медеу ауданы  Әкімшілігінің  Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауында    2 -курс студенті Гүлжайна Мантай диплом /ІІ орын/ иеленсе, 2-курс студенті Мөлдір Жұмабаева алғыс хатпен марапатталды.

Алматы қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Көрікті жарнама-көркем тіл» қалалық байқауында Диас Бейсенбек жеңімпаз  атанып, дипломмен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар орталығы республика жоғары оқу орындары студенттерінің «Қазіргі заманғы қазақстандық әйел» атты шығармашылық өнер фестивалінде С.Сейфуллин атындағы шығармашылық өнер бірлестігін мүшелері «Мектептегі қыз бала киім үлгісі» жобасы бойынша бас жүлдені иеленді.