қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.10.2019

Алматыда «Ізгілік елшісі» жобасының тұсауы кесілді

 


 

Бұл бастаманы Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университеттің жанына құрылған Сорбонна-Қазақстан институты мен Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесе жүзеге асырып отыр. Жобаның негізгі механизмі көмекке мұқтаж жандар мен көмек қолын созғысы келетіндердің базасын жасақтау және оның арасын жалғайтын еріктілерді тарту, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

«Соның екеуінің ортасында байланыс құру осы жердегі жоба офисінің мақсаты екінші жағынан көмек көрсететін заттарды апарып сол үйлерге табыс ету сол біздің волонтер жастардың тірлігі. Бүгінгі таңда біз 18 жанұяға олардың ішінде әртүрлі жағдайлары бар сол жанұяларға университеттің ұстаздарының, қызметкерлерінің көмегін берді», - деді Абай атындағы қазұпу ректоры Такир Балықбаев.

 

Бүгінде аталған жобада 60 ерікті бар және ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сан күн санап артып келеді. «Ізгілік елшісі» кең көлемде көмек көрсетпесе де, мұқтаж жандарға күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ету және үй шаруасында көмек қолын созуды мақсат етіп отыр. Еріктілер арнайы сайт ашқан.

 

«Бұл сайтта бірнеше бөлім бар. Мәселен, көмекке мұқтаж жандар өзіне қажетті көмекті өтініш ретінде қалдырса болады және керісінше қайырымды жандар да қолынан келетін көмекті осы сайтта ақпарат қалдыруға мүмкіндік бар. Біздің еріктілер осы екі араны байланыстыратын алтын көпір болмақ. Және бұл бастама тек бір университеттің қабырғасында қалмай, жалпы ұлттық бастамаға айналса дейміз», - деді «Ізгілік елшісі» жобасының үйлестірушісі Айнұр Сәбитова.

 

 

07.10.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv