қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Мереке жалғасуда


2017 жылдың 11 желтоқсан күні орыс тілі және әдебиет кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік әскери Академиясының курсанттары бұл мерекеге қатысты.


Қуанышқа орай бұл курсанттармен өткізілген іс-шара бірінші рет емес. Академия мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында тәрбие жұмыс негізінде табысты серіктестік орнатылған. Осы жолы бұл кездесуді академия оқытушысы, PhD докторы, майор Ольга Загинайко мен орыс тілі және әдебиет кафедрасының жас оқытушылары Малика Аймагамбетова және Эльмира Жанысбекова ұйымдастырды.


Фотосуреттер кештегі мейрамды және салтанатты атмосферасын көз алдымызға елестетуге көмектеседі. Бағдарламада курсанттармен қатар өз вокалдық талантын, актерлік шеберлігін, бишілік өнерін көрсеткен бакалавр студенттері қатысты.


Орыс тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева өзінің жылы қорытынды сөзінде концерт қатысушыларының азаматтығы мен отаншылдықтарын ардақтап, шын жүректен кеш қонақтары мен иелеріне алғысын білдірді.

 

     

 

  

 

  

 

  

 

   

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні орыс тілі және әдебиет кафедрасындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мереке өтті.

 

Салтанатты бағдарламаны және концертті эдвайзер Айымгүл Қазкенованың жетекшілігімен 6М012200 мамандығының 1 курс магистранттары өткізді.

 

Концерт қатысушылары еліміздің табыстары жайлы өздері жасаған бейнероликтерімен, Отан туралы әндерімен, домбырада орындалған күйлерімен, қазақтың халық биімен және әдемі өлеңдерімен шаттықты атмосфераны тудыра алды. Көрермендер 1986 жылы желтоқсан айында болған драмалық жағдайға арналған қойылымды қошеметтеді. Сценарий бойынша қазақтың ұлттық дәстүрлері шашу мен сүйінші де бұл мерекеге үйлесе кетті. Концерт соңында көрермендермен бірге «Жаса Қазақстан» әні шырқалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жастары шаттықты көңілмен Тәуелсіздік Күні мерекесін қарсы алды!

 

    

 

  

 

  

 

 

 

    

 

Жазушымен кездесу

 

Замандас жазушылар мен ақындар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жиі қонақтары. Филология және көптілді білім беру институтытының студенттері Бахыт Қаирбеков, Үміт Тажикенова және Лиля Калауспен шығармашылық кездезулерге қатысты.

 

2017 жылдың 7 желтоқсан күні 2 курс магистранттарының шақыруымен бізге танымал қазақстандық жазушы Илья Одегов келді.

 

Замануи әдебиетті сүюшілер бұл адамды жақсы біледі. Илья Одегов - қазақстандық және мәскеулік баспаларында щыққан кітаптардың, «Новый мир» және «Дружба народов» атты ресейлік журналдарда шыққан әңгімелердің авторы. Ол беделді әдебиет сыйлықтардың лауреаты және халықаралық әдебиет конкурстарының дипломаты. Сонымен қатар Илья Одегов жазушылықпен қатар аудармашы, музыкант және әдебиет ұстарлығының оқытушысы ретінде танымал.

 

Кеш қонағы Илья Одегов студенттер мен магистранттар және орыс тілі мен әдебиет кафедрасының оқытушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты, өзіне тән әзілімен, ақ пейілді және дарынды жарқындылығымен аудиторияны баурап алды.

 

Жас филологтар, соның ішіндегі жаңа бастаушы жазушылар, балғын әдебиетті зерттеушілер, бұл кездесуден өнегелі сабақ және өз жұмыстарына негізделген шығармашылық шабыт алды.

 

  

 

 

 «Сиқырлы шам» клубында ғылыми фантаcтика жанры талқыланды


2017 жылдың 13 қарашасында №3 жатақханада әдебиет сүйерқауым  «Сиқырлы шам» клубының кездесуіне жиналды.  Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Поляк Зинаида Наумовна 1 және 2 курс студенттеріне ғылыми фантастика шығармаларындағы тылсым құпияларын айтып берді.

 

Аркадий және Борис Стругацкийлердің шығармаларының және Джон Уиндемнің «Триффидтер күні» романының (аударған Aркадий Стругацкий) сюжеттері тыңдаушыларды бірегейлігімен және философиялық тереңдігімен тамсандырды. Енді фантастика жанрының жанкүйерлер қатары көбейді!

 

 

«Сиқырлы шам» кітап клубы


Кітап - ғажайып нәрсе! Сіз оны ашқанда, ол сізді ашады.


Филология және көптілді білім беру институтының студенттері бұл тамаша жаңалықты жасады. Олар әдебиетке және өздерінің құрдастарының арасында әдебиетті оқуға деген қызығушылықты қайта жандандыруды қалады. Осы себепті, «Сиқырлы шам» әдеби клубы пайда болды. Клубтың негізін қалаушылар мен идеяның бастамашылары «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Аружан Мұталханова мен Айбарша Орынбасарова.


Клубтың дебюті 2017 жылдың 2-қарашасында өтті. Бірінші кездесу Хэллоуин стилінде өтті. Осындай әдеби кештерде шығармашылық қабілеттері бар студенттер - театр, музыка, көркем өнер аясында өздерінінің дарындарын дәлелдей алады.
Жаңа әдеби клубқа қызықты шығармашылық жаңалықтар тілейміз!

 

 

  

 

Ұлы ақын-ел есінде


        2017 жылдың 4 қазанында ҚР Ұлттық кітапханасында авторы Әуезхан Қодар  болып табылатын «Тамыр» (саны 45)  журналының  тұсаукесері өтті.

       Әуезхан Кодардың айтуынша, әдебиеттанушылар, Қазақстанның әдеби сыншыларының бірнеше ұрпағын өзінің ұстазы деп  атайды . Ақын, философ, аудармашы және қоғам қайраткері, ғұлама Қодар елде, әлемде болып жатқан барлық жайттарға өзіндік ойы болды және ол туралы жоғары поэтикалық сөзбен айтатын.

       Мұғалімдер күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен оқытушылары Қазақстанның  атақты жазушыларының  және  поэзияны жақсы көретін  адамтардың ортасында  жақында дүниеден кеткен ақынды еске алды.

      «Тамыр» - бұл  өз шығармаларында  Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдік авторлардың шығармаларын жариялайтын  философиялық, мәдени, әдеби және өнер туралы  журнал. Журналдың мақсаты - басқа мәдениеттердің өкілдеріне қазақ ұлтының  рухани құндылықтарына таныстыру.

Тұсаукесерде журналдарда  Украина ақындарының өлеңдері ұсынылған болды. Қазақстандық ақындар да өз өлеңдерін оқыды.

      Қодардың мына сөздерін «Достоинство мысли нам дорого стоит, Путь к бездне познания крут» - үнемі поэзия жанкүйерлері жинайтын Әуезхан Қодардың интеллектуалды клубының барлық талқылаулары мен кездесулерінің  қайнар көзі деп айтуға болады. Клубтың іс-шараларына  жас қатысушыладың  көңілге қуаныш ұялатады,  олардың арасында Абай атындағы ҚазҰПУдың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттер мен магистранттар бар.

 

 

 

 

 

Бірініш курс студенттері наурызды тойлайды


         22 сәуірде тәрбие жұмысы аясында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Принципы национального обучения и воспитание народной педагогике» бағытында Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүріне арналған шара ұйымдастырылды. Іс-шараны филология факультетінің 1 курс студенттері дайындады. Ән мен биден басқа студенттер Наурыз мейрамы туралы ақпарат беріп, наурыз-көжеден ауыз тигізді. 

Қазақтар бұрыннан Наурыз мейрамында тойып наурыз көже ішсең жыл бойы тоқтықта өмір сүресің дегенге сенген. Наурыз

 көже өте тойымды тамақ. Оған ет, су, ұн, май, бидай, тұз, сүт қосады. Әр қоспасы өмірлік жеті бастауды белгісі: өсу, бақ, бақыт, байлық, денсаулық, ақыл және аспанның қолдауы.
Наурыз еліміз бойындағы дәстүрді сақтайтын мейрам. Қазақстанда бұл мереке достық, махаббат пен табысты білдіреді. Осы күні адамдар ең әдемі киімдерін киіп, дос-жаранға, туыстарға қонаққа барып, ізгі тілектер білдіреді.
Шығыс халықтары үшін Наурыз Жаңа жыл. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді.

 

 

Филология және көптілді білім беру институтында Наурыз тойланды


     2017 жылдың 15 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтында дәстүрлі Наурыз мейрамы тойланды. Биыл бұл мейрамды ұйымдастыруға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жауапты болды. 

     Дәстүр бойынша «Спартак» стадионында қазақи ауыл тұрғызылды. Әсем киіз үй, әр кафедраның шатыры астындағы дастархан, студенттерге арналған дастархан, ұлттық тағамдар қайнап жатқан қазандар, ән мен би - барлығы мерекелік көңіл күй сыйлады. Әртүрлі жастағы ҚазҰПУ ардагерлері, орта буындағы оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер мен балалар жылы, әрі жақын отбасылық атмосфераның пайда болуына септіктерін тигізді. Концерттік бағдарламаға түрлі жанрдағы көңілді, әрі шынайы балалар ансамблі қатысты.
    Университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев, Институт директоры Б. Әбдіғазиұлы, кафедра меңгерушілері мен сыйлы қонақтар сөз сөйлеп, барлық жиналған қауымға жылы лебіздерін білдіріп, мейраммен құттықтады. Институттың студенттік деканаты костюмдендірілген шара ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Арқан тартысы ойынында жеңіске жеткен топ жаңкүйерлерді бір қуантып тастады. Ұйымдастырылған Наурыз мейрамы барлығының көңілінен шықты.

 Акын Акыныч
 

                                                   Бізде қонақта Ақын Ақыныч.
      Қонақтарға тосын сый ретінде шебер музыкант, алматылық танымал домбырашы Андрей Фендриков өнер көрсетуге шақырылды. Әлеуметтік желілерде Андрей Фендриков өз видеороликтерін Акын Акыныч атымен жариялайды. Абай атындағы ҚазҰПУ Наурыз мейрамында сол образын сомдады. «Не себепті биыл салқын көктем екенін білесіздер ме?! Себебі біз Наурыз туралы аз ән шырқадық!» - деген шешімін айтты жиналғандарға. Ақын мереке қонақтарына Наурызға арнаған жаңа туындысын шырқап, дәстүрлі «Бұл Акыныч. Барлықтарыңа домбра!» деген сөзімен аяқтады.


Наурыз тойлаймыз! Жанымыздан өтпеңіз,
Менің домбырам шаттыққа толы!
Наурызда барлығы шаттансын!
Наурызда барлығы қуансын!
Осы ұраны
Алматыда, Парижде,
Нью-Йорк пен Мәскеуде
Біздерді жақындастырады
Әлемнің бар түкпірінде.


Студенттер балалар үйіне қонаққа барды


2017 жылдың 24 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері ҚР ҰҚК шекара академиясының курсанттарымен бірлесе отырып № 1 Алматы балалар үйінде театрланырылған көрініс қойды.
Бағдарлама «Теремок» (үйшік) атты қуыршақ спектакльден, шығармашылық шеберлік сағатынан және музыкалық нөмірлерден құралды. Акцияның ұйымдастырған ҚР ҰҚК шекара академиясының майоры Загинайко Ольга Юрьевна мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Адибаева Шолпан Тимурқызы.
«Теремок» орыс халық ертегісі сол күні екі тілде айтылды. 24-30 наурыз аралығында «Орыс фольклоры» сабағы аясында балалар үйіне барған бірінші курс студенттеріне «халық ертегілерінің даналығы» тақырыбында эссе жазу тапсырылған болатын. 1 курс студенті Еңлік Нұржақып бұл ертегі туралы была деп жазыпты:
«Теремок ертегісінің басты мағынасы бір шаңырақ астында әртүрлі жануарлардың тату тәтті тұруы. Термоктың өзі бірлік, достық, махаббат, сыйластықтың символы. Сәбилер де балалар үйіне түрлі отбасынан түрлі себептермен келді. Қалай болса да олар достық қарым-қатынасқа бағытталған, бір-біріне ертегідей көмекке келуге дайын. Бәрінен де есте қалғаны қуыршақ аюдың үйді қиратып тастауы. Осы сәтте басқа кейіпкерлер мойымай күш-жігермен барлығы бірге тату-тәтті өмір сүретін жаңа үй салуға кірісуі. Ертегі балаларға бір шаңырақ астында достықта, бірлікте өмір сүруді үйретеді. Осындай ертегі арқылы балалар «мейірім», «достық», «үй» деген сөздердің мағынасын түсініп, шаңырақта әркімнің өз орны болатынын және жақсылық әрқашан қайтып келетінін санасына сіңіреді».

 

8 наурызға арналған мерекелік концерт


2017 жылы 6 наурызда университетіміздің үлкен конференц-залында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері көктемнің алғашқы мерекесімен барлық әйелдер қауымын құттықтады.
Бұл мерекелік шараның ерекшелігі ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарының қатысуымен өтуі.
Кеш бағдарламасы би, ән, күй, авторлық монологтар мен басқа да шығармашылық нөмірлерді қамтыды. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген қытайлық студенттер де жеке нөмір дайындап құттықтады. Сөз соңында кафедра меңгерушісі Әбішева Сәуле Жүнісқызы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарына осындай тамаша кеш ұйымдастырып, жылы құттықтау білдіргендеріне алғысын білдірді.

 

 

Заңгерлермен кездесу


2017 жылдың 25 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Қаржы қызметі даму ұлттық қорының басшысы заңгер Ли Андрей мен әріптесі Татьяна Пожидаевамен кездесу өтті.
Кездесу интербелсенді семинар түрінде өтіп, бірінші курс студенттері мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды. Айта кетсек пара беруге және соған көмектесу, тиым салынған орындарда шылым шегу мен спирттік сусындар ішу жазалары туралы және де елімізде тәртіпті сақтауда нөлдік шыдамдылық ұстанатындығы жайлы білді.
Заңгерлер жастардың өз бойында жауапты азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударды. Әр азамат «Әділесіздікке немқұрайлылық танытпау» позициясын ұстануы тиіс. «Адамның құқықтары екінші адамның құқықтары басталғанда бітеді» деді танымал қазақстандық заңгер Андрей Ли. Кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы қонақтарға алғысын білдіріп, кафедра оқытушылары шығарған кітаптарды табыстады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ филология ғылымдарының докторы, профессор М.Уюкбаеваның Республикалық қоғамдық-саяси «Мысль» журналындағы мақалалары:

1) Культурная модель в современной казахской прозе

2) Комсомольская правда Казахстана

3) Анықтама

 

Студенттер жоғары сынып оқушылары ұйымдастырған әдеби шараның қонағы болды


Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында №165 мамандандарылған лицейде «Вивальди үніне» атты әдеби кейіпкерлерге арналған кеш өтті. Тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Марина Сергеевна Асылбекованың ұйымдастыруымен махаббат тақырыбына арналған екі сағаттық бағдарлама ұсынылды.
Көрермендер өткен ғасырларда кештердің қалай өткендігі жайлы түсінік алды. Арнайы қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ филология мамандығының студенттері шақырылып, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әбішева Сәуле Жүнісқызы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушаларға алғасын білдірді.