Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
11.11.2016
ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «ALMATY youth AWARDS» жобасы аясында, 10 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратында «Жас келсе, іске» тақырыбында кездесу өтті. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің біріге ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараның басты мақсаты жас кезінен бастап табысқа жеткен университет түлектерімен кездесу арқылы студент жастарымыздың белсенділіктерін және қызығушылықтарын арттыру. Өмірлік жетістіктерге жеткен жандармен сұхбаттаса отырып, білім биіктерін бағындыруда үлгі алу. Шараға шақырылған қонақтар қатарында теле-радио журналист, «Кешкі кездесу» бағдарламасының жүргізушісі Тасыған Аман Солтанғазы, теле-радио журналист, «НЕГЕ?» бағдарламасының жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, университет түлегі Ушатов Марат Әбдіқаламұлы, Әлеуметтік желі жұлдызы, вайнер Ахметова Нағима сынды тұлғалар қатысты. Университетіміздің дарынды қыздары кеш қонақтарына тосы сый ретінде арнайы флешмоб ұсынды. Кездесуге жиналған студент-жастар қызығы мен шыжығы мол журналистика саласының, соның ішінде баспасөз, радио, теледидар, кино, ғаламтор ақпарат құралдарына тән іскерлік журналистиканың құпияларын тану үшн кездесу қонақтарына актуальды да жан-жақты сауалдарын қойып, сұхбат алды. Бұл ретте өз ісінің білікті мамандары Тасыған Аман мен Көпжасар Ерқанат өздерінің ізін басқан жастарға жол көрсетіп, сауалдарына тұшымды жауаптар беріп отырды. ҚазҰПУ түлегі, танымал блогер Нағима Ахметова өз кезегінде «интернет заманы» жастарын толғандырып жүрген мәселелердің бірі әлеуметтік желілер аясында, яғни ғаламтор «сахнасында» шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғаламтор әлеміне танымал боламын деген студенттерге қарапайым тілмен аталмыш мәселенің қыр-сырын ашты. ҚазҰПУ қабырғасында білім алып, республикаға танымал, қоғамның сый құрметіне бөленіп, көпшіліктің көңілінен шыға білген шығармашыл тұлғалар өздерінің студенттік кездегі қызықты күндері жайлы айтып жастарды көңілдендіріп отырды. Бүгінде киелі шаңырақта білім алып жүрген студент-жастарға оқу үздігі атанып, университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласуға үндеді. Университ қабырғасында білім ала жүріп бойындағы көшбасшылық, ұйымдастырушылық, тұлғалық қасиеттерін барынша дамыту арқасында көпшілік-мәдени шараларда аса белсенділігімен ерекшеленген, бүгінде отандық телеарнаның белді жүргізушісі болған Ерғанат Көпжасар ізін басқан жастарға үнемі іздесте болып, бойындағы тың қасиеттерін осы студенттік шақта жан-жақты ашу қажеттігін айтты. Теле-радио журналист Тасыған Аман өз кезегінде жастарға биік мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етіп, бір саланың мамын болу қажет екенін алға тартты. Егемен еліміздің нұрлы болашағы - жастар екенін айта келе, өзінің телеарна бағдарламасының жүргізушісі атанғаны жайлы бірауыз әңгімелеп беріп, тек қажырлы еңбек арқасында көптеген жетістікке қол жеткізудің дәлелі ретінде өз өмірінен мысалдар келтірді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан еліміздің болашағы - жастарға жасалып жатқан игі істер мол. Себебі тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын жарқын, келешегін кемел етін дәл сол жастардың қолында. Жастардың үлкен еңбеқорлыққа, патриоттыққа шақырған ағылымы мол бұл кездесуде айтылған әрбір келелі ойлар «Еңбек еткен озар» деген өмірлік қағиданың студенттеріміздің басты ұстанымына айналуы қажеттігін меңзеді. Кездесуде қорытынды сөз алған теле-жүргізуші, журналист Ерқанат Рүстем Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін - еліміздегі алғашқы оқу орны және де заман талабына сай болашағы зор және абыройлы білім ордасы, мүмкіндіктер мекені екенін мақтанышпен айтты. Халқымызға ежелден тән дәстүрлі қонақжайлық қасиетімізді ескере отырып, іс-шараның аяғында Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Сеитов Рашид университет басшылығы атынан кеш қонақтарына «Алғыс хаттар» мен сыйлақтар табыс етті. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|