қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
29.11.2023

«Өз құқығыңды білесің бе?» семинары

Қаржылық сауаттылықтың төмендігі және оңай әрі тез пайда табуға ұмтылу - бұл адамдарға алаяқтар мен қаржы пирамидаларының құрылымына бағыт беретін комбинация. Өйткені, алаяқтар адамдардың өмірін тез, күш-жігерсіз және тәуекелсіз жақсы жаққа өзгертуге уәде береді. Олар тапқыр, сенімді, арманға сүйенеді және психологиялық әдістерді шебер басқарады.

 

Бүгінгі таңда жұртшылық назар аударып отырған мәселелердің бірі - халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі. Осы мәселелердің алдын алу және талқылау мақсатында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қараша күні университет қабырғасында қаржылық сауаттылық бойынша студенттерге семинар өтті.

 

Кездесуге спикер ретінде заңгер, Аlayaq.net алаяқтыққа қарсы және халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі республикалық жастар жобасының жетекшісі, «Қарапайым құқық» авторы Нұрсұлтан Орынбеков қатысты.

 

Аlayaq.net жобасының мақсаты - жастар арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және түрлі алаяқтық схеманы анықтау, жария ету және әшкерелеу, жастарды мемлекеттік органдармен, банк секторымен және БАҚ-пен шоғырландыру. Аталған жоба тікелей Ақпарат және мәдениет министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып келе жатыр. Бүгінгі таңда жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, 136 алаяқтық схеманы әшкерелеген.

 

Семинар барысында Нұрсұлтан Орынбеков тек қаржылық сауаттылық жөнінде айтып қана қоймай, студенттердің құқықтары тапталған жағдайда қандай тәртіптік шаралар қарастырылғанын тілге тиек етті.

 

Кездесу соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, заңгерге алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу