Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
28.03.2024
Психологиялық қолдау қызметі практикант-студенттермен онлайн кездесу өткізді
2024 жылдың 27-28 наурызында психологиялық қолдау қызметінің психологтары Астана қаласында іс-тәжірибеден өтіп жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің практикант студенттерімен Zoom платоформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты - студенттерді психологиялық қолдау қызметінің бағытымен таныстыру және психологпен онлайн форматта жеке психологиялық консультациялар алу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Zoom-кездесуге 60 практикант-студент қатысты. Кездесу барысында психологиялық қолдау қызметінің мақсаты, міндеттері және көрсетілетін қызметтері сынды негізі ақпараттар айтылды. Психологтар студенттерге онлайн форматта ақысыз психологиялық консультация алу мүмкіндігі барын, әрдайым психологиялық қолдау беруге дайын екендігін атап өтті. Консультацияға жазылу үшін телефон нөмірі, қызметтің Instagram парақшасы және қабылдау күндері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, психологтар өздері әзірлеген ұсыныстармен бөлісті.
Кездесу соңында ашық диалог жүргізіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|