қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.02.2022

Адал еңбекке - лайықты марапат!


Адал еңбек қашан да ақталатыны белгілі. 2022 жылдың 2 ақпаны күні «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор Дархан Біләлов Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетованы «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен марапаттады. Бұл Тәрбие департаменті үшін ортақ жеңіс. Атап кететін жайт, Қазына Асанқызы жастар саясатын дамытуға сүбелі үлес қосып, университетіміздің мәртебесін арттыруға елеулі еңбек етті. Ол «Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие тұжырымдамасы» және «Жоғары оқу орнында студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру» әдістемелік құралының бірлескен авторы. 40-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР БҒМ-ның «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2018 ж.) мен Құрмет грамотасы (2016 ж.), ҚазҰПУ-дың «Семестрдің үздік қызметкері» (2021 ж.), «Үздік қызметкер» (2019 ж), «Үздік тәрбие жетекшісі» төсбелгілерімен (2015 ж.) марапатталған. Биылғы жылы Қазына Асанқызы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.


Бойындағы еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, қарапайымдылық, жауаптылық, жан-жақтылық қасиеттері жастарға өнеге. Барша ұжым атынан Қазына Асанқызын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Қажырлы еңбегіне толағай табыстар мен шығармашылық ізденістер тілейміз.

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу