қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.06.2016

 

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ


2016 жылдың 8 маусымы күні университеттегі Жемқорлыққа қарсы комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға Жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары - Ж.Е. Ішпекбаев, Жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары - А.Ф. Сейтжанов, комиссия мүшелері (топ жетекшілері) - Б.Б. Нұрбатыров, С.К. Алшынбеков, А.Ү. Абдықалықов, Н.М.Тоқмолдаев, Р.Қ. Сеитов, комиссия хатшысы Қ.А. Бекбенбетова қатысты. Жиын барысында Ж.Е. Ішпекбаев университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар барысымен таныстырып, жазғы сессия барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында әзірленген кестеге сәйкес студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сауалнамалар мен әңгіме жүргізу, жемқорлық әрекеттердің алдын алу шараларын күшейту қажеттігіне тоқталып өтті.
Жиын соңында жыл бойы ауқымды жұмыс атқарып, университет қабырғасында жемқорлық әрекеттерге жол бермей, нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан жемқорлыққа қарсы комиссия беделін арттыру мақсатында комиссия төрағасы, төраға орынбасарлары мен топ жетекшілеріне арнайы әзірленген куәліктер мен бейджиктер табысталды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан комиссия құрамындағы топ жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.




Кері оралу