қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
03.05.2016

«АЛМАТЫ КӨКТЕМІ - 2016» АТТЫ СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ ФЕСТИВАЛІ
МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 20-28 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында «Алматы көктемі - 2016» атты Студенттік көктем фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты - Студенттердің азаматтық белсенділіктерін арттыру, дарынды орындаушылар мен ұжымдарды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдай жасау; шығармашыл студент жастар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қалыптастыру; студенттердің бос уақытын ұтымды ұйымдастыру; студент жастарды мәдени, қоғамдық-саяси өмірге тарту; өнерді дамытуға жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару; ел жандылық пен бірлікке тәрбиелеу.

 

 

Биылғы «Алматы көктемі - 2016» атты Студенттік көктем фестивалі төмендегідей бағдарламамен өтті:
- «Қыздарға әсемдік жарасады» атты AVON компаниясымен бірлесе сұлулық күні акциясы,
- ҚР халқы бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты акциясы,
- «Қайырымдылық жолымен..» атты танымдық акция,
- «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» атты Ректор кубогына арналған жатақхана аралық мини-футболдан турнир,
- Болашақ педагогтарға арналған «Үздік сынып жетекші» байқауы,
- «Ең үздік жатақхана», «Ең үздік бөлме» сайыстары,
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «EXPO 2017: ҚР инновациялық экономикасының даму тетігі» атты университетішілік пікірсайыс турнирі,
- Жастарды жазғы маусымда уакытща жұмыспен қамту мәселесіне арналған «Жастық, Жігер, Еңбек» атты кездесу.
- «Көктем Сұлтаны, Көктем Аруы» байқауы.

Студенттік фестиваль аясында өткен барлық байқаулар мен ойындардың жеңімпаздары университет ректорының Мақтау қағазымен марапатталып, белсенді студенттерге және ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табысталды.

 

 


Жастар ісі жөніндегі комитет

 




Кері оралу