Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
13.02.2017
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы жаппай талқыланды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын Қазақстан халқы асыға күтіп жүретіні белгілі. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жаңа Жолдауы да қазақстандықтар үшін үлкен қолдауға ие болды. Жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдықтары айқындалған. Мемлекет басшысының Жолдауы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымында да кең қолдауға ие болып, университет ректорының бекітілген кестесіне сәйкес барлық құрылымдық бөлімшелерде кеңінен талқыланды. 2017 жылдың 31 қаңтары күні Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту басқармасы университеттің белсенді студент-жастары арасында Жолдауды түсіндіру бойынша кеңейтілген дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы мазмұнды баяндамалар жасалып, жастардың тұщымды ойлары ортаға салынды. Дәл осы күні Сорбонна-Қазақстан институтының оқытушылар-профессорлар құрамы және белсенді студенттері арасында Жолдауды талқылау бойынша жиын өтті. Жиынды институт директоры Г.Б. Нурлихина ашып, Елбасы Н.Н.Назарбаев Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырғанын және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін айтып, Жолдауда көрсетілген басымдықтардың бірі - адами капитал сапасын жақсарту мәселесіне кеңінен тоқталды. Одан әрі сөз кезегін алған Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, профессор Ж.Қ.Симтиков Қазақстанды Үшінші жаңғырту Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізілетінін айтып, оның негізгі басымдықтарын білім алушыларға нақтылап берді.
Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Жалпыуниверситеттік саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының Жолдауды талқылау бойынша мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Р.Б.Әбсаттаров Президент Жолдауының маңыздылығын атап, білім сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Кафедра профессоры Д.Ө. Құсаинов әлемде төртінші өндірістік төңкеріс басталып жатқанын тілге тиек етіп, Қазақстанның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бойынша мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен 1 ақпан күні профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар арасында Елбасы Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Институт директоры К.Д.Каймулдинова дөңгелек үстелді ашып, Жолдауда айтылған басты бағыттарға тоқталды. Доцент Т.О.Увалиев Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту, экономикалық бағыттар мен инвестицияның тартылуы жөнінде өз пікірін ортаға салды. Математика, физика және информатика институтының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары арасында Жолдауды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Институт директоры Ә.С. Бердышев өз баяндамасында Елбасы Жолдауының экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жайлы айтылған бірінші басымдығына ерекше тоқталып кетті. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету жайындағы функциясы егжей-тегжейлі талқыланды. Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасы 1 ақпан күні Елбасы Жолдауын № 3 жатақхана студенттері арасында кеңінен талқылады. Кафедра меңгерушісі Қ.Ө. Есенова Жолдау мазмұнын студенттерге толықтай түсіндіріп, 5 басымдықтарының мазмұнын ашты. Сөз кезегін алған профессор Г.С.Қосымова Жолдаудың 4 басымдығы бойынша мазмұнды баяндама жасап, отандық білім жүйесін дамыту бойынша өз пікірімен бөлісті. 2017 жылдың 1 ақпаны күні Психология және педагогика институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары арасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында профессор И.Р.Халитова, профессор Б.С.Сейдахметов, профессор Ұ.Қ.Қияқбаева жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру, білім беру жүйесін жетілдіру бойынша баяндама жасады. Шара барысында студент-жастар Жолдауға қатысты ойларын ортаға салды. 2017 жылдың 1 ақпаны күні Тарих және құқық интитутында Жолдауды талқылау бойынша кеңейтілген жиын өткізілді. Жиынды Институт директоры Б.С. Жұмағұлов ашып, Жолдаудың оңтайлы жақтарын атап кетті. Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Ә.Н. Құдайбергенов, Әлем тарихы кафедрасының профессоры Ә.Б.Ғали Жолдауда айтылған әрбір басымдықтарын кеңінен түсіндіріп, тұщымды ақпарат берді. 2017 жылдың 2 ақпаны күні Өнер, мәдениет және спорт институтының ұжымы Елбасының кезекті Жолдауын тақылады. Талқылауға дене мәдениеті және спорт пен бастапқы әскери дайындық мамандығының 45 студенті және оқытушылары қатысты. Талқылауда институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Тоқмолдаев сөйлеп, Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жолдауды талқылау барысында студенттер сұрақ қойып өз ойларын ортаға салды. Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|