қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
09.03.2022

«Әйел-әлем анасы» мерекелік іс-шарасы


2022 жылғы 5 наурызда Абай университетінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйел-әлем анасы» салтанатты шара өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов университетіміздің әйелдері мен қыздарын көктем мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Одан кейін жоғары оқу орнының нәзік жандыларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері мен жемісті жұмысы, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапаттау рәсімі өтті. Оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері Абай атындағы ҚазҰПУ - дың дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін «Құрметті қызметкер» және ректордың «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін университетіміздің шығармашыл жастары дайындаған концерттік бағдарлама өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу