Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
07.11.2024
Абай университетінің студенттері «Сирек кездесетін кітаптар» музейінде 2024 жылдың 5-12 қарашасы аралығында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен университет студенттері «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты «Сирек кездесетін кітаптар» музейіне барды.
Қазақ даласының ежелгі жазба мұрасынан бастау алған, көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар «Көне жазба жәдігерлері», «Ірі ойшылдар жауһары», «Қазақтың алғашқы баспа кітаптары», «Құранның қолжазба үлгілері», «Алып және кішкентай кітаптар» сияқты тағы басқа түрлі тақырыптық экспозициялар ұсынылған музейге барудың мақсаты - білім алушыларға ғылыми, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау болып табылады.
Музейге барған Тарих және құқық факультетінің студенттері мұражайдың төрт негізгі бөлімнен тұратын «Қазақ даласының ежелгі жазба мұрасы», «Қолжазба - ғасырлар мұрасы», «Отандық алғашқы баспа өнімдері», «Латын графикасындағы Қазақстандық басылымдар» атты тұрақты экспозицияларын тамашалады. Сонымен қатар, музейдің «Қазақ даласының ежелгі жазба мұрасы» атты экспозициялық бөлімінде студенттер ерте заманнан бастау алған көне түркілердің жазба мәдениетімен танысты.
Айта кетейік, «Сирек кездесетін кітаптар» музейіне саяхат жобасы 5-12 қараша аралығында өз жалғасын табады. Сондай-ақ, жоба тегін, ақысыз түрде жүзеге асырылып жатыр.
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|