қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.03.2023

Жыныстық жолмен берілетін ауруды алдын алу

 

2023 жылдың 13 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен Денсаулық сақтау пунктінің ұйымдастыруымен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) алдын алу мақсатында №1 Қалалық емхананың гинеколог дәрігері Г.М. Рахимова мен ТОО «A CLINIC» инфекционист дәрігері М.С. Нуртаев «Жыныстық жолмен берілетін ауруды алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Дәріс білім алушылар арасында ұл балалар мен қыз балаларға бөлек оқылды.

 

Қыздарға арналған дәріс барысында Г.М. Рахимова ЖЖБИ дегеніміз бүкіл әлемде жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін инфекциялар екенін атап өтті және ЖЖБИ-нің таралуы мен жұқтыруын болдырмау бойынша қарапайым ұсыныстар берді: күнделікті тұрмыста гигиеналық ережелер сақтау,жеке профилактика құралдарын (презерватив) қолдану, жүріс-тұрыс мәдениетіне мән беру. Сонымен қатар этиологиясы, диагностикасы, таралу жолдары, клиникалық көріністері, емдеу және алдын алу принциптеріне тоқталып өтті.

 

Ұлдарға арналған дәрісте М.С. Нуртаев дәрігерлерге (дерматовенеролог, гинеколог немесе уролог) қаралуды кейінге қалдыруға болмайтынын, өзін-өзі емдеуге болмайтынын айтты, өйткені дұрыс емделмеген ЖЖБИ созылмалы түрге ауысып, түрлі асқынуларды дамытады, ал оларды емдеу әлдеқайда қиын. Студенттер семинарға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу