қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
18.03.2024

«Психологиялық қолдау» қызметі жатақханада тұратын студенттерге тренинг өткізді


2024 жылдың 11-15 наурыз күндері Абай атындағы ҚазҰПУ психологтары жатақханада тұратын студенттерге «Мазасыздықты жеңу» бойынша психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты - студенттерге мазасыздық деңгейін төмендету, бойына сенім ұялату, эмоционалды тұрақтылығын нығайту және көңіл-күйін көтеру.

 

Тренинг бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Полина-пицца-Прага» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде мимиканы ажырата білу және эмоцияларын ұялмай, ашық көрсете білу мақсатында «Эмоцияны тауып көр» жаттығуы жүргізілді.

 

Тренинг қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында өткізілген «Шам» жаттығуында студенттер тренингтен алған оң әсерлерімен бөлісті. Тренинг соңында, студенттер өздерін ойландырып жүрген сұрақатарын қойып, жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

«Психологиялық қолдау» қызметі

 

 




Кері оралу