Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес мәжілісі
Университет ректорымен бекітілген кестеге сәйкес барлық институттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссиясының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.
Іс-шара мақсаты - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік пен мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.
Жиынға университетіміздің проректорлары мен университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссия төрағалары мен төрайымы Ә.Ф. Сейтжанов, Б.Х. Төлеубекова, Т.Д. Тасболатов, «Парасат» орталығының директоры Қ.Т. Усипов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н. Жанбеков, ректордың жастар мәселелері жөніндегі кеңесшісі М.Д. Жақауов қатысты.
Кестеге сәйкес жиынның алғашқы күні ағымдағы жылдың 29 қазаны күні Жаратылыстану және география институтында бастау алып, 30 қазан күні Филология және көптілді білім беру институтыныңда өз жалғасын тапты. Жиынды университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, жемқорлыққа қарсы қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссия құрамымен таныстырды. Сонымен қатар жақында ғана ашылған «Парасат» орталығы және университетімізде жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімдеме жасады.
Одан әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссия төрағалары мен төрайымы комиссия жұмысымен таныстырып өтті.
Жиын барысында профессор-оқытушылар құрамы тарпынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алынып, түрлі мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Университет білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша өтетін жиындар ағымдағы жылдың 8 қарашасына дейін жалғасатын болады.