қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.09.2016

Алматы қаласының 1000 жылдығы, Отбасы күні аясында өткізілген Медеу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Діни сауатсыздық - діни экстремизмнің бастауы» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел

Медеу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен және тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы 9 қыркүйекте «Діни сауатсыздық - діни экстремизмнің бастауы» атты маңызды тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

 
Шараның мақсаты - діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес аясында жастарымызға «түзу» тәрбиелеу принциптерін ұсыну және оны жүзеге асыру жолдарын табу.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Дін істері жөніндегі басқарманың мамандары, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, прокуратура, сот органдарының мамандары, Діни мекеме қызметкерлері, қалалық орталық мешіттің имамдары, білім мекемелерінің және мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 
Жиынның алғашқы кіріспе сөзін Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаевқа берілді.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан мамандар баяндама жасап, арнайы бейне слайдтарын көпшілікке ұсынып, бірталай діни секталық ұйымдардың жасырын түрде жұмыс істеп келе жатқандықтарын әшкерелеп, олардың заңсыз қазметтеріне заңды түрде тосқауыл қойылғандығы жайлы арнайы мәлімдеме жасады.

 
Әлеуметтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз жұмыс істеген бірталай діни ағымдағы секталардың баспа материалдары тәркіленді.
Тақырыпты өрбіте келе, қалалық орталық мешітінің наиб-имамы сөз алып, соңғы жылдары қаламызда және де республика бойынша көптеген жастарда діни көзқарас қалыптасып мешіт табалдырығын аттағандар санының артқаны жайлы айтты. Сондай-ақ, имам арнайы бағдарлама бойынша, мешітке келген жастар арасында дәстүрлі ислам дінін дұрыс бағытта насихаттау және сол мақсатта арнайы дәрістер өткізіліп жүргендігі жайлы қосымша мәліметтер берілді.


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу