қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.12.2023

Университет еріктілері жалғызбасты қарттарға көмектесуде

 

5 желтоқсан «Халықаралық еріктілер» күніне орай 4-10 желтоқсан Еріктілер апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен университет еріктілері жалғыз басты қарт ананың үйіне көмекке барды.

 

Еріктілер жалғызбасты қарт ананың есік алдын тазалап, қыстық отынын дайындау және үй шаруашылығындағы жұмыстарын атқарып, көмек көрсетті. Өз кезегінде қарт ана университетіміздің еріктілеріне ризашылығын білдірді.

 

Университет еріктілерінде көмекке мұқтаж қарттардың тізімі бар. Қыста еріктілер аулалардағы қарды тазаласа, жазда бақшаларды арамшөптерден тазартып, өсімдіктерді суарып, ретке келтіреді.

 

Қайырымдылық шараның мақсаты - жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі қарттардың үйлеріне тазалық және шаруашылық жұмыстарына қолғабыс ету. Мұндай акциялар жастардың бойына еңбекке деген құлшыныс, қайырымдылық, ізгілік сынды қасиеттер қалыптастырады.

 

  alt=     alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу