қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
25.01.2021

«Денсаулық-2021» қысқы спартакиадасының қорытындысы

 

2021 жылдың 15 қаңтары күні дәстүрлі «Денсаулық-2021» қысқы спартакиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Спартакиаданы университет ректоры Такир Балықбаев ашып, жеңімпаздарды марапаттады.

 

Спартакиада 5 спорт түрінен жүргізілді. 9 командадан 100-ден аса профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысып, бақ сынасты.

 

Жалпыкомандалық есеп бойынша ІІІ орынды Ректорат командасы жеңіп алып, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. ІІ орынға Математика, физика және информатика институты орналасып, 120 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Өнер, мәдениет және спорт институты І орынды қанжығасына байлап, Спартакиада жеңімпазы атанды. І орын иегерлеріне 150 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды, және айналмалы кубок иегері атанды.

 

Әр спорт түрінен «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. Спартакиадаға әділ төрелік жасаған төрешілерге университет ректорының алғыс хатымен және 50 000 теңге қаржылай сыйақы берілді.

 

Дәстүрлі қысқы Спартакиадаға қатысқан барлық командаларға шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу