қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
16.07.2021

Ұтыс ойындарының жеңімпаздары анықталды

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың студенттердің денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 Қаулысы негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2021 жылдың 1 шілдесі мен 25 тамызы аралығында COVID-19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған студенттер арасында Ұтыс ойындары жарияланды. Осы орайда, білім алушылар арасында келесідей ұтыстар ойнатылды:

- 100 білім алушыға 1 жылдық оқу ақысына 5% жеңілдік;
- 50 білім алушы 20 000 теңге ақшалай сыйақыға;
- 50 білім алушыға Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орына жолдама;
- 60 білім алушыға «I teach in English» ағылшын тілінің дайындық курсына тегін сертификат;
- 20 білім алушыға «Meloman» дүкенінен кітап сатып алу үшін 10 000 теңге ақшалай сыйақы;
- 100 білім алушыға «Abai University» имидждік өнімдерін сыйға тарту.


Ағымдағы жылдың 16 шілде күні вакцинаның бірінші компонентін 1-15 шілде аралығында алған білім алушылар арасында ұтыстың үш ойын түрінен жеңімпаздарды анықтау шарасы өткізілді.

 

Ұтыс ойынының тиімді және әділ жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ойын Ережесі бекітіліп, арнайы комиссия құрылды.

 

Жеңімпаздарды анықтау университет ректоры Дархан Біләловтың төрағалығымен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті.

 

Ұтыс ойыны тікелей эфирде ZOOM бағдарламасы бойынша жүргізілді. Шараны университет ректоры Дархан Біләлов ашып, қазіргі күні халықтың денсаулығын сақтап қалудың ең маңызды және тиімді жолы ол вакцина ектіру деп атап өтті. Сонымен қатар, барлық вакцина ектіріп, ұтысқа қатысуға мүмкіндік алған студенттерге сәттілік тіледі.

 

Жеңімпаздарды анықтау https: randomus.ru/list кездейсоқ сандар генераторы әдісі арқылы жүргізіліп, нәтижесінде 50 студент Қапшағайдағы демалыс орнына жолдама, 60 студент ағылшын курсына тегін сертификат және 100 студент бір жылдық оқу ақысына 5% жеңілдікке ие болды.

 

Жеңімпаздар туралы толық ақпарат алдағы уақытта университеттің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

 

Университет білім алушылары арасында вакцина ектіруді тиімді ұйымдастыру және оларды вакцина алуға ынталандыру мақсатындағы игі шара өз жалғасын табады.

 

Толық ақпаратты Абай атындағы ҚазҰПУ https://www.kaznpu.kz/ru/ ресми сайтында және @abai_university @kazupu_zhastar_tarbie, @kazupu_zhastary инстаграм парақшаларынан көруге болады.

 

Ұтыс ойындары жеңімпаздарының тізімі: 
Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орнына жолдама иегерлері;
«I teach in English» ағылшын тілінің дайындық курсына тегін сертификат иегерлері;
«Abai University» имидждік өнімдер жиынтығының иегерлері.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу