қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.10.2021

«Ұстаздық еткен жалықпас...» салтанатты шара

 

2021 жылдың 4 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаздық еткен жалықпас...» салтанатты жиын ұйымдастырылды.

 

Салтанатты шараны Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ашып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

Шара аясында университет қабырғасында ұзақ жылдары еңбек етіп, кәсіби мамандарды даярлау ісіне елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды.

 

Шараның ресми бөлімі мерекелік концертке ұласты. Халықаралық конкурстың лауреаты Нартай Бекмолдинов, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары Гүлзат Әбдікәрімова, Ерболат Мұстафаев және «Дара» би тобының көрсеткен өнерлері, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу