қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.12.2021

«Тәуелсіздікке - 30 жыл» салтанатты шара

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да осы маңызды оқиғаға арналған «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында арнайы салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараны Басқарма төрағасы - ректор Дархан Билялов құттықтау сөзімен ашты. Одан әрі шара марапаттау рәсіміне жалғасты.

 

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары мен кәсіптік мамандар даярлауда сіңірген еңбектері үшін университеттің бірқатар қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік және университет әкімшілігі тарапынан марапаттарға ие болды.

 

Солардың қатарында, мемлекеттік наградалармен Шетел тілдері кафедрасының профессоры Танат Аяпова «Парасат» орденімен, Дизайн кафедрасының доценті Құмарқан Мұратаев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, 12 қызметкер «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында, Ректор кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев, академик Мекемтас Мырзахметұлы, профессор Мамбет Қойгелдиев, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнур Сабитова, физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов, Құқықтану кафедрасының профессоры Жанна Хамзина және т.б.

 

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Дизайн кафедрасының аға оқытушысы Нурлан Байкулаков марапатталды. 29 профессор-оқытушылар құрамы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен -3, «Құрмет грамотасымен» - 2 қызметкер марапатталды.

 

Одан басқа, университет әкімшілігі тарапынан «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен - 1, «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен - 5 , «Үздік ұстаз» төсбелгісімен - 8, «Үздік қызметкер» төсбелгісімен - 5, «Құрмет грамотасымен» - 15, «Алғыс хатпен» - 13 қызметкер марапатталды.

 

Мерекелік салтанат аясында оқу, ғылым және спорт саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 12 студент университет ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Марапаттау рәсімі университет өнерпаз студенттерінің қатысуымен концертке ұласып, барша қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.

 

Концерттік бағдарламада республикалық байқаулардың жеңімпазы, университет түлегі Тажмина Даниярқызы, «Дара» би тобы, «Долан» ұйғыр би топтары тамаша өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 


Тәрбие, әлуеметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу