қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
14.04.2022

«Ректор кубогы» ойыны

 

2022 жылдың 13сәуір күні «STUDENTS SPRING» студенттік көктем фестивалінің аясында Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Алматы қаласының ЖОО арасында Жайдарман ойындары «Ректор кубогы» өтті. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1 кезең - сәлемдесу, 2 кезең - сұрақ-жауап.

 

Жайдарман ойындары Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтың алғы сөзімен бастау алды. Ойын барысын бағалауға арнайы әділ-қазылар құрамында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Дидарбек Ділдәбек, актер, блогер, жайдарманшы Медет Жаңабай, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов, Алматы қалалық «Amanat» партиясы, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Әкежан Кеңесов төрағалар сайысқа өз әділ бағаларын берді.

 

Жайдарман ойындарына жалпы 16 команда белсене қатысты. 1 орын - «Өзіңнен көр», 2 орын - «АТУ мини», 3 орын - «Краш» құрама командалары ұтысқа ие болды. Сайыс өте қызықты, әрі тартысты түрде өтті. Орын алған командалар «STUDENTS SPRING» студенттік көктем фестивалінің жабылу салтанатында салтанатты түрде марапатталатын болады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу