қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
25.04.2022

«Miss KAZNPU» конкурсы

 

Абай университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын дамыту департаменті мен Жастар ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «STUDENTS SPRING» Студенттік көктем фестивалінің жабылу салтанаты «Miss KAZNPU» конкурсымен аяқталды.

 

«Miss KAZNPU» конкурсы қазақ қыздарының қарапайымдылығын, нәзіктігін және жалынды студенттік өмірінің сұлулығын көрсетті. Университетіміздің жеті институтынан қатысқан сүйкімді де талантты аруларымыз өз институттарын таныстырды, конкурстағы дайындық оларға үлкен тәжірибе мен жаңа білім берді.

 

Қазылар алқасының шақырылған мүшелерінің шешуімен сұлулық байқауының тұғырына орын бөлді.

 

«Miss KazNPU» университеттің алғашқы Сұлуы атағын Математика, физика және информатика институтының студенті Салтанат Сапархан иеленсе, 1 орынды Педагогика және психология институтының студенті Әмина Баймаханова, 2 орынды Тарих және құқық институтының студенті Жанбота Әбеуханова, 3 орынды Жаратылыстану және география институтының студенті Айсель Қуанышбекова иеленді. Жүлделі орындардан бөлек, конкурсқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Әмина Баймаханова мен Салтанат Сапархан «Miss Almaty» конкурсна жолдама алды. Қарақат Серікқызы модельдік агенттікте 1 жылға тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Жұлдызай Жанболат фотосессияға сертификат алды.

 

Барлық қатысушылар залдың үлкен қолдауына ие болды, ал көрермендер, өз кезегінде, біздің сұлуларымыздың өнерін тамашалаудан шаршамады. Кім біледі, мүмкін олардың біреуі болашақта сұлулық әлеміне өз жолын жалғастырады және біздің елімізді әлемдік деңгейде таныстырады.

 

Кеш соңында бір апта бойы жеңімпаз атанған студенттер мен институттарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу