қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.03.2017

 

ӘЙЕЛ - ӘЛЕМ АНАСЫ

2017 жылдың 7 наурызы күні  білім ордамыздың барлық әйелдер қауымын құттықтауға арналған «Әйел - әлем анасы» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік сахна шымылдығын гүлдей құлпырған бишілері «Көктем вальсімен» ашты. Шараның салтанатты бөлімінде университетіміздің бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов әйелдер қауымын құттықтап,  университеттің қалыптасу мен дамуына сіңірген жемісті еңбектері мен мамандар даярлау саласында көп жылғы абыройлы еңбектері үшін бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер университет әкімшілігі тарапынан марапаттады. Атап айтсақ: «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен - 1 қызметкер, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен - 10 профессор-оқытушы, «Үздік қызметкер» төсбелгісімен  - 8 қызметкер,  университет ректорының грамотасымен - 12 қызметкер және университет ректорының «Құрмет грамотасымен»  - 10 қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы марапатталды.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты басқармасы

Әйелдер қауымын  ұлықтауға арналған мерекелік шара әсем ән мен көркем биге толы көңілді концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада  2017 жылғы «Шәмші әндері» байқауының жеңімпазы Хоменко Олеся, «Өнер алды - қызыл тіл» атты республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, университетіміздің қызметкері Қанат Мырзахан сынды дарынды жастар өнер көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

 

          Сонымен қатар кештің арнай қонақтары «ГауҺартас»   тобы мен өмірге де өнерге де жаңа қадам басып келе жатқан кішкентай бүлдіршіндерден құрылған  «Тәтті» тобы мерекелік шараның көркін қыздыра түсті.

Шара соңында  «Дарын» тобының орындауында «Мама» әні  орындалып, залда отырған қыз-келіншектерге раушангүл шоқтары ұсынылды.

 

 




Кері оралу