қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
06.10.2022

«Ұстаз - ұлағатты есім» іс-шарасы

 

Ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай университетіміздің 2022 жылдың 5 қазан күні ұстаздар күніне мерекелік шара өтті. Шараны Ахмет Байтұрсынұлының университетімізде сабақ берген көрінісімен ашылды.

 

Мерекелік шараға университет проректорлары және университет оқытушылары қатысты.

 

Академиялық істер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.

 

Құрметті ұстаздар қауымын мерекелерімен шын жүректен құттықтап, егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріне жеміс тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу