қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.10.2022

М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған шағын футболдан қалалық турнир


2022 жылдың 7 қазан күні Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай университетімізде қалалық шағын футболдан турнир өткізілді. Мақсаты - жастардың ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Осы спорттық іс-шараның арқасында біз халық жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы мұрасына құрмет көрсетеміз. Мұхтар Әуезов спортпен белсенді айналысып, Қазақстанның бірінші футбол құрамасында өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Бұл жас ұрпаққа үлгі.

 

Турнирға Алматы қаласының жоғары оқу орнынан 16 команда қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша 1 орынды - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2 орынды - Туран университеті, 3 орынды - Қазақ спорт және туризм академиясы иеленді. Сондай-ақ, «Үздік қорғаушы» - Тимур Бегалиев (Туран университеті), «Үздік шабуылшы» - Айдос Мақай (Абай атындағы ҚазҰПУ), «Үздік қақпашы» - Бегімхан Нарымбет (Қазақ спорт және туризм академиясы) марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу