қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.10.2022

«Қарттарым-қазынам» іс-шарасы

 

Халықаралық қарттар күніне орай 2022 жылдың 12 қазан күні «Қарттарым - қазынам» іс-шарасы өткізілді. Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый - құрмет көрсетіледі.

 

Университетіміздің Басқарама төрағасы - ректор Дархан Біләловтың алғы сөзімен білім шаңырағына айналған оқу орнымыздың қарттарын университетіміздің қалыптасуы мен өсіп - өркендеуіне қосқан үлестерін ерекше айтып, олардың тағылымды, өмірлік тәжірибелерін жоғары бағалады.

 

Қарттарға құрмет көрсету акциясы аясында Университет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті университетіміздің ардагерлеріне құрмет көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу