қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
22.10.2022

Абай университетінің студенттері Республика күніне орай флешмоб өткізді

 

Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында мемлекеттік мереке - Республика күніне арналған челленджді қолдау мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1000 студентінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырды.

 

Білім алушыларымыз Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын орындап, одан кейін патриоттық би биледі. Осылайша, Абай университетінің жастары Шәкәрім университеті жіберген эстафетаны қабылдап, кейін қаламыздың барлық оқу орындарына жолдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу