қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
16.11.2022

«Жастар кәсіпкерлігі» курсы

 

2022 жылдың 1-15 қараша аралығында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған 32 сағат көлеміндегі «Жастар кәсіпкерлігі» курсы өтті. Курсқа Honors College қосымша білім беру жобасы бойынша 100 студент қатысты.


Дәрісті онлайн және офлайн форматта «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының бизнес-тренерлері Гүлбахыт Жолдасбекова, Бағлан Олжабаев, Нұржан Әбдіразақов, Едил Омырзаков оқыды. Дәрісте кәсіпкерліктің мәні, «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» ұғымдары туралы жан-жақты мағлұмат беріліп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің кәсіп бастау жолында туындауы мүмкін мәселелер түсіндірілді.


Курсты аяқтаған студенттер өздерінің бизнес жобаларын қорғады. Жоба қорғаған студенттерге т«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының Оқыту департаменті директорының орынбасары Нурлыбек Тлеулиев және Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов арнайы сертификатпен марапаттады.

 

Іс-шара соңында үздік студенттерді «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы 5 000 000 (бес млн.) теңгелік жобаға қатысуға шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=   

 




Кері оралу