қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
18.04.2017

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

           Таза қаланың тынысы кең. Әсем қаламыз Алматыда жыл сайын сәуір айында дәстүрлі түрде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізіліп келеді. Осы орайда, 2017 жылдың 15 сәуірі күні ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке университетіміздің 1500-ден астам белсенді студенті мен тәрбие жетекшісі тазалық жұмыстарына жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары Медеу әкімдігінің бекітілген аумақтарында жүргізілді. Атап айтқанда, санитарлық-тазалық жұмыстары Тіксай өзені Иштван Қоңыр көшесінен Талғар күре жолы, «Достық» саябағынан басталып, Кіші Алматы өзенінің жағалауы, Қонаев көшесінің бойы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы дейінгі аумақтарды қамтыды.
         Дағдылы игі іске өз үлестерін қосқан жастар мен ұстаздар қауымы ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, аса белсенділігімен ерекшеленгендерге Студенттік кәсіподағы ұйымы атынан «Махаббат әлемі» атты ән кешіне билеттер табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 

 




Кері оралу