қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
25.04.2017

«ЖАСТАР. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ИННОВАЦИЯ» АТТЫ
СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ ФЕСТИВАЛІ ШАҚЫРАДЫ

        Үстіміздегі жылдың 20 сәуірі күні университетімізде «ЕХРО-2017» көрме аясында «Жастар. Шығармашылық. Инновация» тақырыбында дәстүрлі Студенттік көктем фестивалі өз жұмысын бастады. Бұл шара 20-29 сәуір күндері аралығында интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық, эстетикалық, әскери сайыстар мен акциялар түрінде өткізіледі.
         Фестиваль «Әдептілік күні» акциясымен басталды. Шара барысында Тәрбие басқарма бастығының орынбасары Қ. Бекбенбетова жастарға университеттің ішкі тәртіп ережелері және «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Этикалық кодекс» ережелерімен таныстырып, ЖОО-ның білім алушыларына тән әдептілік нормаларын сақтау бойынша насихат жұмыстарын жүргізді.
         Одан әрі, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сеитов Рашид алдағы өтетін фестивальдің жоспарымен таныстырып, университеттегі Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын шағын презентация ретінде ұсынды. 10 күнге созылатын Студенттік фестивальде білімі мен шығармашылығын ұштастыра білетін жастар бақ сынасып, бабы мен бағы қатар шапқан «үздіктер» марапатталады.
          Фестивальдің басты демеушісі - университетіміздің Студенттік кәсіподақ ұйымы.

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқарма

 




Кері оралу