қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
20.10.2017

 

СТУДЕНТ  ҚАТАРЫНА  ҚАБЫЛДАУ-2017

 

Өмірдің шуақты шақтарынан ойып тұрып орын алатын студенттік алтын дәуір - адам баласы санасында мәңгілікке жатталып қалатын ең тәтті кезеңнің бірі. Студенттік өмірге алғашқы қадам басқан  университетіміздің бірінші курс студенттеріне  ағымдағы жылдың 17 қазаны күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Менің таңдауым ҚазҰПУ» атты салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Шараны ашқан университет ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы  құттықтау сөзінде  биылғы оқу  жылы 2665  білім алушы  оқуға қабылданып, олардың қатары  былтырғы жылға қарағанда 22 пайызға артқандығын және солардың арасында  77-і студенттің  «Алтын белгі»  иегерлері екендігін мақтанышпен атап өтті. Одан әрі, ректор бірқатар  «Алтын белгі» иегерлеріне  студенттік билеттерін табыстады.

Келесі құттықтау сөз кезегін алған  Алматы қалалық Мәслихатының  депутаты, университетіміздің Байқау кеңесінің мүшесі  Матыжанов Кенжехан Іслямжанұлы барша білім алушыларды мерекелерімен құттықтап, Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған студенттерге салтанатты түрде студенттік билеттерін табыстады.

Шараның ресми бөлімін  Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Шілдебаев Жұмаділ Байділдәұлы қорытындылап, ұрпақтар сабақтастығының өнегесі ретінде ата-аналары білім ордамыздың түлектері болып табылатын білім алушыларға  студенттік құжаттарын табыстады.

Концерттік бағдарламаның шымылдығын Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі  ашып, кештің арнайы қонақтары  ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Құдайберген Бекіш, университетіміздің 1995 жылғы түлегі, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын адам» ұлттық сыйлығының иегері Медеу Арынбаев, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Меломен» тобы мерекелік кештің көркін қыздыра түсті. Білімі мен өнерін ұштастырып жүрген университетіміздің өнерпаздары «Апорт» жайдарман тобы, «Нәзік» би тобы, Тәжмина Даниярқызы,  Жақсымұрат Еркебұлан, Мәжен Бекзат, Ораз Мұхтархан көрермендердің ықыласына  бөленді.

 

 

 

 

 

 

ФОТОМАТЕРИАЛДАР

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 

 




Кері оралу