қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
06.11.2017

 

ӘСКЕРИ САРБАЗДАРДЫҢ КҮЗГІ БАЛЫ

 

Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында өзара әріптестік қарым-қатынасты нығайту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және студенттік өмірді қызықты етіп өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 4 қарашасы күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Күз - алтын кезең» атты мерекелік шара болып өтті.

Әскери институт базасында өткен  бұл шараға   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, С Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  300-ге жуық ару  студент-қыздары қатысып,  кештің көркін келтірді.

Салтанатты шара  әскери инстуттың өнерпаз сарбаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасымен басталып,    би  кешіне жалғасты.

ЖОО арасында өзара ынтымақтастықты қалыптастураға бағытталған бұл шара студент-жастарымызға көтеріңкі көңіл сыйлады.

 

  

 

  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

 саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу