қазақша · русский · english
   
Оқу -әдістемелік қызмет

 

Практикалық тілдер кафедрасындағы оқу-әдістемелік жұмыс Жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттарына, пәндердің үлгілік бағдарламаларына, мамандықтың жұмыстық оқу жоспарларына, оқу-әдістемтелік кешендеріне (силлабустар) сәйкес жүргізіледі.


Пәндердің оқу-әдістемтелік кешеніне бірлесетін әдістемелік құжаттардың бірегей жүйесін қамтамасыз ету, құру және тұрақты түрде жетілдіру оқытушылардың әдістемелік жұмысының негізгі мақсаты. Қазақ және орыс тілдері бойынша пәндердің оқу-әдістемтелік кешенінің құрылымы мен мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес келеді және үлгілік бағдарламаларға сәйкес жасалған, олар СМС (сапа менеджменті стандарты) талаптарына сәйкес ресімделеді.


Кафедраның оқу-әдістемелік міндеттері:
- оқытудың методологиялық негіздерін, лингводидактиканың алдыңғы қатарлы технологияларын, оқытудың ықпалдастық тұжырымдамасы арқылы коммуникативтік тәсілдемесін зерделеу мен қолдану;
- арнаулы және академиялық мақсаттарда қазақ және орыс тілдерін қолдану арқылы оқытылатын мамандықтардың аясында кәсіби бағытталған коммуникацияға студенттердің сөйлеу әрекеттерін дамыту;
- кәсіби тілдесуде мамандық тілін одан әрі қолдану деңгейінде мәдени аралық-коммуникативтік құзыретті дамыту, сонымен қатар сөздік қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
- стандарттар мен үлгілік жоспарларға сәйкес келетін әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, пәндер бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындау;
- оқу және ғылыми жұмыстардың бірлесуін қамтамасыз ету, практикалық тілдер кафедрасының Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жоғарғы оқу орындарымен байланысын кеңейту және нығайту.


Кафедра қазақ және орыс тілдерін оқытуда ерекше орынды оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктері есебіне негізделген студенттерді тілдік дайындаудың көп деңгейлі тұлғаға бағытталған жүйесіне бөледі. Оқыту барысында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған оқулықтар, кафедралық материалдар, сонымен қатар біздің оқытушылармен басып шығарылған оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолданылады.


Межелік бақылаудың, студенттердің өзіндік жұмыстарын, емтихандарды ұйымдастыру мен басқарудың нәтижелері кафедраның және тілдік әдістемелік секциялардың отырыстарында талқыланады.


Кафедра оқытушылары кафедра мен Филология және көптілді білім беру институтымен бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтар өткізеді. Оқытушылардың барлық ашық сабақтары кафедраның және тілдердің әдістемелік секцияларының отырыстарында талқыланады (талқылау хаттамалары кафедрада бар). Кафедра оқытушылары жүйелі түрде өзара сабаққа қатысуларды жүзеге асырады, күнін, тақырыбын, курсын, мамандығын көрсету арқылы кафедра журналын толтырады, кірген сабақтарының егжей-тегжейлі тлдауын жазады, оқу процесінде оқытудың интерактивтік және инновациялық технологияларының қолданылуына ерекше көңіл бөледі.


Кафедраның оқытушылары шеберлік сабақтарын, семинар-тренингтер өткізеді, лекцилар оқиды. Осылай, п.ғ.д., проф. Гүлмира Абзалхановна Қажиғалиева келесі тақырыптарда шеберлік сабақтары өткізіледі: 1) «Лингвориторическая технология на уроках русского языка и литературы в школе»; 2) «Таксономия Б. Блума в школьном курсе русского языка (на материале учебников русского языка для 6 классов школ с русским и казахским языками обучения)»; 3) «Лингвокультурологический подход как эффективное средство обучения на уроках русского языка в условиях современного полиязычного образования»; п.ғ.д., проф. Акжан Адиетовна Чингисовв келесі семинар тренинг өткізеді «Басқа тілді аудиторияда орыс тілін инновациялық технологиялар арқылы оқыту»; ф.ғ.к., доц. Гүлжиһан Пішенбайқызы Шаһарман келесі бағыт бойынша семинар-тренинг, дебат өткізеді: «ЖОО студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану», «Жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі».


Кафедрада «Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша әдістемелік секциялар қызмет істейді.


Әдістемелік секциялар бойынша отырыстар айына екі мәрте өткізіліп тұрады.


Кафедраның әдістемелік секцияларының жұмысы студенттердің білім сапасын көтеретін оқытудың белсенді үлгілері мен әдістерін оқытушылардың мейлінше көп санының қолдануына бағытталған. Ол жұмыстың құрамына кіретіндері:
1.Оқытушылардың өздігінен білім алу бойынша жүйелік есеп берулері;
2.Қатысқан сабақтардың өткізілуі мен талдануы;
3.Кафедра мүшелерімен шығарылатын оқу құралдарын талқылау;
4.Оқытудың белсенді үлгілерін ендіру мәселелері бойынша жұмыс істейтін әріптестердің сабақтарына өзара қатысу.


Келесі инновациялық (жаңашылдық) технологиялар кафедра оқытушыларымен белсенді түрде қолданылады: проблемалық оқыту технологиясы, жобалық оқыту технологиясы, ойын технологиялары, интерактивтік технологиялар, компьютерлік технологиялар.
1. Проблемалық оқыту технологиясы оқытушылар Розалинда Шаханова, Гүлжиһан Шахарман, Гүлмира Кажигалиева, Рысжан Бекишева, Галина Кадырова, Алмагүл Маймакова, Зейнеп Османова, Меруерт Әлібаева жемісті қолданылып келеді.
Проблемалық оқытудың негізгі дидактикалық тәсілі - танымдық есеп үлгісіндегі проблемалық жағдайды (ахуалды) жасау.
Оқытушымен ынтымақтастықта студенттер өздері үшін жаңа мағлұматтарды «ашатындығын», жекеленген тақырыптардың теориялық ерекшеліктерін ұғынатынғын ашық сабақтар көрсетіп отыр. Бұл сабақтарда тиімді проблемалық әдістер ретінде қозғау салғыш және қорытындылаушы диалогтар табылады.
2. Біріктірілген білімді, шешімдердің зерттеушілік ізденістерін, жобалық қызметті талап ететін жобалық оқыту технологияларын кафедра меңгерушісі Розалинда Шахановамен, ПОҚ мүшелері Бақытгүл Жумагулова, Рысжан Бекишева, Ақжан Чингисова, Мереке Уюкбаева, Айша Акбембетова, Зауре Умирзакова, Меруерт Әлібаева, Зейнеп Османова, Сауле Есімбек, Сауле Шолтай нәтижелі қолданылып келеді.
3. Интерактивтік стратегияны жүзеге асырудың тиімді үлгісі ретіндегі пікірталастар технологиясын (Карл Поппер форматы бойынша) проф. Гүлмира Қажигалиева мен доцент Гүлжиһан Шаһарман белсенді қолданып келеді.
4. Студенттердің бір-бірімене және оқытушымен тікелей өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивтік технологияны кафедраның барлық мүшелері жемісті қолданылып келеді.
5. Оқу процесін қарқындатуға, ойын үлгісінде теориялық мәліметтерді игеруге көмектесетін ойын технологиясын оқытушылар Раушан Тохтамова, Аида Нурбаева, Сауле Нұрғали, Алмагүл Шинтемирова, Гүлмира Амангелдиева, Әлия Онгарбаева, Сәуле Шолтай жоғары нәтижеде қолданады.
6. Компьютерлік технологияларды Гүлмира Қажиғалиевамен, Бақытгүл Жумагулова, Раушан Тохтамова, Аида Нурбаева, Сауле Шолтай белсенді қолданылуда.


Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы институт, жоғары оқу орындар, республика және халықаралық деңгейлердегі оқу-әдістемелік семинарларға қатысып келеді.


Кафедраның және әдістемелік секциялардың отырыстарында оқытушылар тәжірибе алмасады, қазақ және орыс тілдерін оқытудың жаңа тәсілдері туралы, заманауи білім берудің технологиялары және оқытудың үлгілерін пайдалану туралы хабарламалар жасайды.

 

Доцент Г.П.Шаһарманның инновациялық технология бойынша есебі

 

Әлеуметтік -тәрбие қызметі


Практикалық тілдер кафедрасының әлеуметтік-тәрбие қызметі бойынша 2017-2018 оқу жылының есебі

 

Әлеуметтік-тәрбие қызметі бойынша презентация