қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.10.2019

Кітап білім мен рухани қазына болып қала береді

 

2019 жылы 12 қазан күні Абай университетінің Педагогикалық шеберлік академиясы аясында аға оқытушы Саят Ибраимовтың жетекшілігімен құрылған «ОК»- оқырмандар клубы» кезекті кітап талдау іс-шарасы өтті.

 

Клубтың басты мақсаты - бұл көркем әдебиетті одан әрі кеңінен насихаттау, ең жақсы кітаптарды таңдауға ынталандыру, оқырмандардың пікірлерімен алмасу, осы үдерісті зерттеу және жүйелі талдау әдістерін дамыту.

 

Іс-шара барысында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», С.Мұратбековтың «Жабайы алма» сынды романдары және көптеген повестьттер мен әңгімелер талданды.


Аталған кездесуде Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесі талданып, түрлі тесттік тапсырмалар бойынша жарыстар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды.

 

Шараға қатысушылар кітап оқу қызықты, ал одан қызығы - оқылған кітаптарды көпшілікпен бірге талдау оданда қызық екенін атап өтті. Бұл кездесу осындай рухани әсер алатын шығармашылық шаралардың қажеттілігін көрсетті.


Оқырмандар клубының мүшелері іс-шара барысында кофе-брейк ұйымдастырып, өз ойларын еркін форматта жалғастырды. Аса белсенділік танытқан студенттер кітаптармен марапатталды. Алдағы уақытта «Оқырмандар клубы» бұданда қызықты іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Қатысамын деушілерге есік ашық!

 

   

 

   

 

  

 

 

Педагогикалық шеберлік академиясы