|
| |
Ғылыми- зерттеу қызметі
Педагогикалық білім Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Практикалық тілдер кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметінде Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының «Тілдердің үштұғырлылығы» білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы көрініс табқан. Осыған байланысты, кафедра ұжымының қызметі ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, ал орыс тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша кәсіби даярлау бойынша жетекші орталық болып табылатын университет мәртебесіне сәйкес басқа да педагогикалық жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған.
Сондықтан, 2016 жылдың 20 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Пушкин институты» серіктестік желісі ашылған болатын, оның орыс тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, түрлі санаттағы білім алушыларға орыс тілін оқыту курстары, орыс тілі бойынша сертификатту тестеріне дайындау мен жүргізу, оның ішінде қашықтықтан орыс тілінде оқыту технологилары және ашық білім беру ресурстары арқылы оқыту жұмыстары жоспарланып отыр. Университеттегі орталық жетекшісі - Филология ғылымдарының докторы, университет профессор Бақытгүл Сәкенқызы Жұмағұлова.
Ғылыми-зерттеу жұмыстар университеттің білім беру стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Практикалық тілдер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысына кафедраның профессор-оқытушылар құрамының 100% қатысады.
Ғылыми бағыттар
Практикалық тілдер кафедрасының ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстары «Мектептер мен ЖОО-да орыс және қазақ тілдерінде кәсіптік бағдарланған оқыту процесін оңтайландыру» жалпы кафедралды тақырып бойынша үйлестіріледі. Кафедраның оқытушыларының ғылыми жұмыстары жалпы кафедра жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: 1. Қазақстан жоғары мектебінің көп тілді және көп мәдениетті білім кеңістігіндегі қазақ және орыс тілдері. 2.Тілдік және гуманитарлық емес институттардағы мамандықтардың қазақ / орыс тілдеріне оқыту мазмұнын анықтау. 3.Қазақ аудиториясында орыс тілін және орыс аудиториясына қазақ тілін кредиттік оқыту жағдайындағы инновациялық технологиялар. 4. Жоғары оқу орындары мен мектептері үшін орыс және қазақ тілдерінде және әдебиеттер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың теориясы мен тәжірибесі. 5. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін салыстырмалы-типологиялық зерттеу.
Кафедрада «Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігіндегі инновациялық жағдайлардағы пәндік мұғалімнің тілдік білім беруі» тақырыбында өзекті мәселелер әзірленуде - проф. Розалинда Шаханова, профессор Гүлмира Қажығалиев, профессор Бақытгүл Жұмағұлова, доц. Галина Қадырова, доц. Алмагүл Маймақова, «Орта және жоғары сынып оқушыларын тілдік дайындығына мәдени көзқарас» - проф. Гүлмира Қажығалиева, «Көптілді білім беруді өзектендіру контекстінде тілдік емес университетте орыс және қазақ тілдерін оқыту туралы» - проф. Розалинда Шаханова, Гүлмира Қажығалиева, «Көптілді білім беру жағдайында болашақ пән мұғалімдерінің тілдік құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері туралы» - проф. Гүлмира Қажығалиева. Аталмыш профессорлар осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ойдағыдай жалғастырып, практикалық тәжірибені қазіргі заманғы теориялық білімдермен үйлестіре отырып, көрсетілген проблемаларды шешуге біртұтас, интеграцияланған әдісті қолданады.
Келесі бағыттар оқытушылардың тілдік емес және гуманитарлық институттардың түрлі мамандықтар студенттерінің қазақ және орыс тілдерінде оқыту мазмұнын анықтауға байланысты зерттеулер болып табылады. Бұл аспектіде, «Қазақ тілі», «Орыс тілі» курстарының оқыту мазмұнының іріктеу барысында оқытудың кәсіби бағдары іске асады: «Педагогикалық ЖОО-ның қазақ бөлімі студенттерін орыс тілінде кәсіби тілдесуге оқытудың антропологиялық моделі » - проф. Бақытгүл Жұмағұлова, доц. Зәуре Өмірзақова, доц. Айша Ақбембетова, аға оқытушы Сәуле Есімбек, аға оқытушы Алмагүл Шынтемірова, аға оқытушы Әлия Оңғарбаева, оқытушы Гүлмира Амангелдиева; «Орыс тілін ана тілі емес ретінде оқытуға арналған контекстік технология» - доц. Рысжан Бекішева; «Білім берудің кредиттік жүйесі жағдайында орыс тілінде оқу материалдарын іріктеу және жүйелеудің ғылыми негіздері» - проф. Гүлмира Қажығалиева, доц. Рысжан Бекішева, проф. Ақжан Шыңғысова; « Орыс тілі курсында филолог емес студенттерге «Информатика» термин жүйесінде прагматикалық оқыту технологиясы» - аға оқытушы Раушан Тохтамова; «Орыс тілі мамандығы болып табылмайтын студенттерді орыс тілін оқыту барысында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру» - доц. Алмагүл Маймақова, доц. Галина Қадырова; «Кәсіби лексика құзыреттілігін қалыптастырудағы жаңа технологиялар» - Зейнеп Османова; «Заманауи лингвистиканың парадигмадағы когнитивті лингвистика» - доцент Гүлжихан Шахарман.
Қазіргі кезде кредиттік оқыту жүйесі аясында студенттерді тіл оқыту кезінде оқу үрдісіне заманауи технологияларды пайдалану және енгізу мәселелері өзекті. Кафедра оқытушылары осы бағытта жұмыс істейді, іс жүзінде орыс тілін ана тілі емес ретінде инновациялық технологиялар енгізу арқылы оқытуда. Осылайша, доценттер Галина Кадырова мен Алмагүл Майымақова «Инновациялық технологиялар орыс тілі сабақтарында оқу қызметін ынталандырудың құралы ретінде» зерттеуімен айналысады, проф. Гүлмира Қажығалиева «Жоғары білім берудегі тілдік білімге инновациялық технологияларды енгізу», доц. Гүлжихан Шахарман «ЖОО студенттерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда интерактивті оқыту әдістерін қолдану».
Кредиттік технологияны енгізумен байланысты мәселелер басымдық болып табылады. Кафедра оқытушылары тілдерді оқыту тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, осы бағытта жұмыс істейді. Осылайша, аға оқытушы Раушан Тохтамова, аға оқытушы Аида Нұрбаева «Тілдік емес мамандықтардағы студенттеріне орыс тілін оқытудағы ақпараттық және компьютерлік технологиялар» атты зерттеумен айналысады.
Кафедра мүшелері тәжірибелік сабақтарда қолданылатын педагогикалық және ақпараттық технологияларды дамытуда табысты жұмыс жасайды.
Белсенді дайындық дидактикалық процесті дәстүрлі нысандардан және әдістерден дамытуға, проблемалық, зерттеуге көшуді білдіреді, ол тыңдаушылардың белсенді ойлау қызметін дамытуға бағытталған. Студенттердің белсенділігін арттыру үшін оқытушылар іскерлік ойындар, дидактикалық ойындар, нақты педагогикалық жағдайларды талдауды пайдаланады. Оқытушылар орыс және қазақ тілдеріндегі практикалық сабақтарда коммуникативтік іс-әрекеттікке қажеттіліктерге әкелетін жағдайлар тудырады. Бұл оқу тапсырмасын орнықтырумен аяқталатын мұғалімнің сабақтың проблемасының маңыздылығы туралы әңгімесі болуы мүмкін. Кафедра мүшелері өздерінің жұмыстарының нәтижелерін басылымдарға ұсынады.
Кафедра мүшелері қазіргі таңда қолданыстағы орыс және қазақ тілдері, әдебиетттері оқулықтарының авторлары болып табылады, және мектеп оқулықтарын дайындаудағы теория мен практикасы бойынша өзекті тақырыптарды дайындаумен шарттастырылған- проф. Розалинда Шаханова, проф. Гульмира Кажигалиева, доц. Рысжан Бекишева. Әдіснамалық негіздерді анықтау авторларға мектеп оқулықтарының «Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендердің дидактикалық тұжырымдамасын дамытуға мүмкіндік берді - проф. Гүлмира Қажығалиева, доц. Рысжан Бекішева.
Ғылыми зерттеу қызметінде салыстырмалы-типологиялық зерттеулер ерекше орынға ие, яғни орыс және қазақ тілдерін оқыту жоо тәжірибесі үшін лингвистикалық негізін қалайды: «Қарым-қатынастың ауызша емес компоненттерінің этномәдени ерекшеліктері» - доц. Зәуре Өмірзақова; «Полемистік дискурстың прагматикасы: салыстырмалы зерттеу» - проф. Бақытгүл Жұмағұлова; «Шығыс әдебиетінің қазақтардың ауызша өнеріне әсері» - аға оқытушы Алмагүл Шынтемірова.
Кафедрада орындалып жатқан ғылыми зерттеу түрлерінің арасында ғылыми еңбектерді басылымға шығару, ғылыми конференцияларға қатысу, қазылар алқасының мүшесі болу, сайыстарға, оқу бағдарламаларына қатысу, ғылыми іс-шараларға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында, радиода, теледидарда сөз сөйлеу, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми жұмыстарды рецензиялау, кафедрада ғылыми үйірмелердің жұмыс істеуі, еліміздің және шетелдің университеттерімен ынтымақтастық орнату, ғылыми семинарларды өткізу, қала және аудан мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету сынды жұмыстарды атап кеткен жөн. Кафедраның оқытушыларында «Авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер» бар. Олар: А.Маймақова. - 7, Қадырова Г.Р. - 6, Қажығалиева Г.А., Қадырова Г.Р., Маймақова А.Д. - 1.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Жапонияның, Германияның, Англияның, Польшаның ғылыми журналдарда жарияланған, импакт-факторы бар журналдар жарияланған, жақын және алыс шет елдердегі конференцияларда кафедра мүшелерімен мақұлданған.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы типтік және оқу бағдарламаларының авторлары болып табылады: 1.Білім беру бағдарламасы. 6M011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (магистратура). Алматы, 2012. -21 б. (Шаханова Р.А., Хенрик Янковский, Қосымова Г.С., Балтабаева Ж.К.). 2.Білім беру бағдарламасы. 6M012100 «Казахский язык и литература с неказахским языком обучения» мамандығы (магистратура). Алматы, 2012. -30 б. (Шаханова Р.А., Абдоллаһ Кок, Балтабаева Ж.К., Қосымова Г.С. и др.) 3. Типовая учебная программа по дисциплине «Профессиональный русский язык» для студентов, обучающихся по специальности 5В010300 - «Педагогика и психология».- Алматы, 2013. - С. 106-119 (Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р.).
Оқулықтар: 1. Шаханова Р.А. «Казахский язык» для 7 кл. русской школы. - Алматы: Атамура, 2000, 2002. ( бірлескен авторлықта). 2. Кажигалиева Г.А. Русский язык. Учебник для 6 класса общеобразовательной школы. - 3-е издание, переработанное. - Алматы: Атамура, 2011. - 288 с. ( бірлескен авторлықта). 3. Кажигалиева Г.А. Русский язык. Учебник для 6 класса общеобразовательной школы. - 4-е издание, переработанное. - Алматы: Атамура, 2015. - 288 с. ( бірлескен авторлықта). 4. Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К.) «Русская речь». - Учебник для VI класса общеобразовательной школы с казахским языком обучения. - Алматы: Атамура, 2011.- 268 с. 5. Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К., Саттарова Г.С.) «Русская речь» Учебник для VI класса общеобразовательной школы с уйгурским языком обучения». - Алматы: Атамура, 2011. - 268 с. 6. Бекишева Р.И.(Гуревич Г.Ф.) «Русская речь Дидактический материал для VI класса общеобразовательной школы с казахским языком обучения». - Алматы: Атамура, 2011. -108с. 7. Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К.) «Книга по литературному чтению для VI класса общеобразовательной школы с казахским языком обучения». - Алматы: Атамура, 2011. - 95с. и др. 8.Кажигалиева Г.А., Кадырова Г.Р., Маймакова А.Д., Боранбаева З.И., Раимбекова М.А., Цой А.А. «Русский язык в системе подготовки учителя-предметника». Учебная книга. - Алматы: Тау-Самал, 2010. - 696 с. 9. Кажигалиева Г.А. Русский язык. Учебник для 6 класса общеобразовательных школ с русским языком обучения. 1-ая ч. - Алматы: «Атамура», 2017. - 143 с. МОН РК 11. Русский язык. Учебник для 6 класса общеобразовательных школ с русским языком обучения. 2-ая ч. - Алматы: «Атамура», 2017. - 143. 2-ая часть. - Алматы: Атамура, 2017. - 143 с. МОН РК. 10. Кажигалиева Г.А. Русский язык. 6 класс. Аудиодиск. 2-ая часть. - Алматы: Издательство «Атамура», 2017. МОН РК.
Монографиялар: 1) Шаханова Р.А. «Методика обучения казахскому языку с учетом специальности на русских отделениях в высших технических учебных заведениях» (2001). 2) Кажигалиева Г.А. «Лингвокультурологический анализ художественного текста» (1999г.), «Культурологический аспект в работе над художественным текстом» (2000г.). 3) Умирзакова З.А. (Ахметжанова З.К., Оналбаева А.Т.) «Культура в зеркале языка». - Алматы: Изд-во Елтаным, 2014. - 480 с. 4) Маймакова А.Д. Плюрицентрические языки. - Алматы: Изд-во «Ұлағат» КазНПУ имени Абая, 2015. -244 с. 5) Шаханова Р.А., Чингисова А.А. «Современные тенденции лингводидактики в казахстанском образовательном пространстве». Монография. - Алматы, 2016. - 280 с. 6) Шаханова Р.А. «О переводах поэм А.С.Пушкина». Монография. -Алматы, 2017.
«Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар: 1. «Өндірістік педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау» // Алматы «Балауса» 2016 ж. (Шаханова Р.А., Османова З.Ж. в соавторстве) 2. «Оқу-тәрбиелік практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау» -Алматы «Балауса» 2016 ж. (Шаханова Р.А., Османова З.Ж. бірлескен авторлықта). 3. Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканы ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы, 2016. (Шаханова Р.А. бірлескен авторлықта). 4. Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканы ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқа. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2017. - 128 б. (Шаханова Р.А., Бораш Р.Б., Сейсенбаева Ж.А., Османова З.Ж.) 5. Өндірістік-педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2017. - 106 б. (Шаханова Р.А., Бораш Р.Б., Сейсенбаева Ж.А., Османова З.Ж.).
|