қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.10.2019

Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдығына арналған халықаралық арт-форум

 

2019 жылдың 10 қазанында университетіміздің бас оқу ғимаратының үлкен конференция залында Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала қырлары: заманауи кезеңдегі көркем білім беру» халқаралық арт-форумы өтті.


Форумға Ресей, Түркия, Қытай және басқа да елдердің делегациялары, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қонақтар, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Форумның ашылу салтанатында униаерситетіміздің ректоры Такир Балықбаев, Өнер қайраткері, суретші Байтұрсын Өмірбеков, Ресейдің Мемлекеттік қызмет және басқару институтынан Раушан Канапьянова, ҚХР-ның Ханьшан университетінің профессоры Лю Вам Бин және т.б қонақтар баяндама жасады.

 

Форум барысында бейнелеу өнерінің өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, туындаған мәселелерді шешудің жолдары ортаға қойылды. Зерттеушілердің баяндамасы тыңдалып болған соң, университетіміздің ректоры Такир Балықбаев қатысушыларға алғыс хат және ӨМжСИ-дің 50 жылдық мерейтойына арналған төсбелгілермен марапаттады.

 

Форумдағы баяндамалар мен зерттеушілердің пікірі қазіргі қоғамдағы бейнелер өнерінің мәселелерін бір ортада тоғыстырып, шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік беріп, оң әсерін тигізді. Форум қортындысы бойынша алғыс хаттар және сертификаттар берілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

 

«Көркем білім» кафедрасы