Негізгі бет /
Хабарландыру
05.02.2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
г.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ә.С. Бейсенованың 85 жас мерейтойына арналған «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау» тақырыбындағы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қ., 2-3 наурыз 2017 ж.
Құрметті әріптестер! «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференцияның мақсаты - қазіргі кездегі ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия және т. б. жаратылыстану ғылымдарындағы білімдерін дамытудағы өзекті мәселелерді орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында кең ауқымды талқылау.
1. КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 1. Қазақстанның жоғары оқу орындарында ғылыми-жаратылыстану бағытындағы болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіру. 2. Жаратылыстану ғылымдары пәндерін интеграциялау: проблемалары және шешімдері. 3. Заманауи оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау проблемалары және тәжірибесі. 4. Геоэкономика, геосаясат, демография және туризм мәселелерін шешудегі география ғылымының ролі. 5. Тұрақты даму контекстінде табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қазіргі проблемалары.
2. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын.
3. ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНЫ: пленарлық мәжіліс, секциялық мәжіліс, проблемалық талқылаулар 4. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР conference.85@mail.ru электронды поштасы арқылы тіркелген файлмен жіберіледі. - конференцияға қатысуға сұраныс (қосымша 1): ТАӘ-сұраныс.doc; - баяндама мәтіні (қосымша 2): ТАӘ-сұраныс.doc. Баяндама мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі: 2017 жылдың 15 ақпанына дейін. Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр. Басып шығару шығынына қажет ұйымдастыру жарнасы 3500 теңгені құрайды. Жақын және алыс шет елдердің қатысушылары үшін төлем алынбайды. Жарна «конференция жұмысына қатысу үшін» деген белгімен есеп шотқа аударылады.
РНН 600900529562 БИН - 031240004969 ИИК - KZ178560000000086696 КБЕ 16 БИК - KCJBKZKX
Конференцияға қатысуға байланысты шығындар (жол ақысы, үй-жай, тамақ) қатысушылардың өз тарапынан жүзеге асырылады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. - Байланыс телефондары: 8(727) 291-47-66 (институт директоры), 8777 244 74 46 - Жанна Тилекова, 8701 785 52 91- Макпал Салбырова - Факс: 8(727) 291-47-66; - E-mail: conference.85@mail.ru, mikabrill@mail.ru Конференцияның ашылуы 2 наурыз 2017ж. күні сағат 10.00 -да басталады. Қатысушыларға тіркелу сағат 9.00-да Достық даңғылы 13 (2 қабат), үлкен конференц залда өтеді. қосымша 1 Автор жөнінде мәлімет
*толтыруға міндетті өріс Қосымша 2 Материалдарды рәсімдеу ережесі: - жарияланатын жұмыс мұқият жөнделген болуы тиіс. Жариялау кезінде мақалаларды техникалық жөндеу қарастырылмайды. . - Файл Microsoft Word 2007. - Шрифт: гарнитура - «Times New Roman». - Беттің көлемі - А4, парақтың бағыты - «кітап». - Кегль - 14 (суреттер мен кестелерде -12-ден кем емес), - Жоларалық интервалы - 1,0. жол жиегі жоғары және төмен жағынан - 2 см, сол жақ - 3 см., оң жақ - 1,5 см. - Азат жол: бірінші жол - шегініс 1,0 см, тегістеу - ені бойынша. - Файлды автордың тегімен атаған дұрыс. - Мақаланың бірінші азат жолында: ортасында, жартылай қарайтылған, бас әріптермен - мақаланың толық атауы жазылады. - Мақаланың екінші азат жолында: оң жақта, қарайтылған, курсив- толығымен автордың (авторлардың) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе лауазымы, тегі,аты-жөні (12 шрифт). - Мақаланың үшінші азат жолында: оң жағында, курсивпен -қала, жұмыс орны (қысқартылған қабылданбайды) немесе жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы жазылады (үлгісін төменнен қарау). - Мақаланың төртінші азат жолында: ортасында, курсивпен - түйіндеме және кілттік сөздер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) (шрифт өлшемі-12) жазылады. - Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Мәтінінде тізімдерді нөмірлеу қолмен жасалады.. - Әдебиеттер тізімі (12 шрифт) мақаланың соңында, әдебиеттер колдану ретімен, ГОСТ Р 7.0.5 - 2008 сәйкес рәсімделеді. Мәтінде сілтемелер тиісті тік жақшада рәсімделеді: реттік нөмірі көрсетіледі, әдебиеттер тізіміндегі реттік саны және беті көрсетіледі, мысалы [5,Б.17]. Автоматтық сілтемелерді қолдануға болмайды. - Беттерді нөмірлеуге болмайды. - Мақала мәтіні (тезистер) мұқият өңделген және редакцияланған болуы тиіс. Мақалада келтірілген деректер, дәйексөздер, статистикалық және басқа да мәліметтердің мазмұны үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі (рәсімдеу үлгісі төменде).
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ БІЛІМІН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ
Әбдіманапов Б.Ш.., г.ғ.д., профессор, «Елтану және туризм » кафедрасының меңгерушісі Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
Түйіндеме (12 шрифт) Мақала тіліне байланысты-егер қазақ тілінде болса, онда түйін орыс және ағылшын тілдерінде, егер орыс тілінде болса, онда түйіндеме, талаптарға сәйкес , қазақ және ағылшын тілдерінде болуы керек. түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме.
Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [3, Б. 85]. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні. (14 шрифт)
Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (кесте 1). Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Кесте 1. Кестенің аты
Әдебиеттер тізімі: 1. Попов В.И. Биология пәнін (6-11 сыныптар) оқыту үрдісінде экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың оқу-әдістемелік жүйесі (жаңа буын оқулықтары тәжірибесі негізінде). // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (Серия биологическая). - №2/2(64)/. - Алматы, 2015. - С. 544-552
|