Негізгі бет
Жаңалықтар
16.10.2019 ҚР жоғары оқу орындарының Ректорлар Кеңесінің мүшелері литвалық әріптестерімен кездесу өткізді
2019 жылы 15 қазанда Каунастағы (Литва) Ұлы Витовтас университетінде жаһандық QS саммитінің нәтижесі «QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» тақырыбында Қазақстан жоғары оқу орындарының Ректорлар Кеңесінің мүшелері мен Литва университеттерінің жетекшілерінің бірлескен отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Ректорлар Кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Алматы аймақтық Ректорлар Кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының басшылары, сонымен қатар Литва денсаулық ғылымдары университеті, Миколас Рёмерис университеті, Витаутас Магнус университеті, Каунас технологиялық университеті, Клайпеда университеті, Литва спорт университеті, бизнес университеті және т.б оқу орындарының ректорлары қатысты.
QS «Quacquarelli Symonds» аймақтық директоры Зоя Зайцева Литва және Қазақстан университеттері ректорларының бірлескен отырысына қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан-Литва ғылыми серіктестігі халықаралық рейтингтердегі даму стратегиясы және қолданылған индикаторлар жүйесіне шоғырланатын, білім беру нақтылығының саясатын қалыптастыратын, ғылыми мақалалар бойынша бірлескен жұмыс аясындағы ынтымақтастық, G-Global алаңында желілік университетті құру және осы алаңдағы қауымдастық мәселелері қарастырылды.
Гранттық қаржыландыруға арналған жобаларды ұсыну, бірлескен білім беру консорциумдарын құру, PhD даярлау деңгейіндегі ынтымақтастық, Эразмус арқылы бірлескен жобалар бойынша жұмыс істеу, бірлескен конференциялар, Жазғы мектептер, тағылымдамалар және ғылыми зерттеулер өткізу үшін зерттеушілерді өзара тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және бірлескен іс-шараларға қамтуға көп көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында Зоя Зайцева ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың желілік - тақырып рейтингімен үндестіру туралы ұсынысын енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ, ол Литва мен қазақстандық университеттер әлемдік университеттердің цитаталар индексі мен академиялық ұтқырлық бойынша артта қалып отырғандығын атап көрсетті.
Университеттер Ректорлары Кеңесінің жұмысын қорытындылай келе, модератор Ерлан Сыдықов қазақстандық және литвалық университеттер арасындағы серіктестік шын мәнінде іскерлік деңгейге жеткендігін атап өтті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |