қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.10.2019

Көркем білім берудің киелі шаңырағы

(Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтына -50 жыл)

 

2019 жылдың 9-12 қазан аралығында Абай атандығы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті.


Мерейтойлық шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әр жылдардағы түлектері, отандық және шетелдік өнер мамандарын даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, әртүрлі өнер ұжымдарының өкілдері қатысты. Алғашқы күні олар университеттің оқу ғимараттарын аралап, Өнер, мәдениет және спорт институтының музейімен танысты. Осы күні институттың 2009 жылғы түлектерінің шығармашылық көрмесі ашылды. Мерейтойға жиналғандарға Латвия университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ өнерпаздарының бірлескен хоры өнер көрсетті. Сондай-ақ Нижневартовск мемлекеттік университеті өнер және дизайн факультетінің профессор-оқытушылары шығармаларының көрмесі ашылды.

 

Мерейтойдың екінші күні «Ұлы Дала қырлары: бүгінгі таңдағы көркем білім беру» тақырыбында халықаралық арт-форумнан басталды. Форумның модераторы, университет ректоры Такир Балықбаев жиналғандарға Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық даңқты жолдары мен бүгінгі таңдағы қол жеткізген жетістіктері, оның ішінде «Өнер, мәдениет және спорт институтының даму кезеңдері, бүгінгі шыққан биіктері туралы баяндап берді.


Ресей білім беру академиясының академигі С.Ломов, Омскі мемлекеттік педагогикалық университетінің Өнер институтының директоры Л.Медведьев, Ресей Мемлекеттік думасы ұлттар ісі жөніндегі комитеті сарапшылар кеңесінің мүшесі Р.Қанапиянова, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлары В.Корешков, С.Игнатьев, Қытайдағы Цзян Цин университетінің професоры Се-Хен-Син, Новосібір мемлекеттік университетінің профессоры О.Шаляпин және басқалар бүгінгі таңдағы көркем білім берудің өзекті мәселелері және оларды шешудің жолдары туралы пікір алмасып, өздерінің тың ұсыныстарын ортаға салды. Түстен кейін арт-форумға қатысушылар 4 секция бойынша жұмыс істеп, көркем білім берудің теориясы мен практикасы туралы ой толғады.

 

11 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Өнер, мәдениет және спорт» институтының түлектері мен профессор-оқытушыларының еңбектерінің (кескіндеме, графика, мүсін өнерінің) «Мерейтойлық палитра» көрмесі ашылды. Оны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, көрме жұмысына табыс тіледі.

 

Мерейтолық іс-шаралар «Өнер, мәдениет және спорт» институтының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжіліспен және мерекелік концертпен қорытындыланды. Ректор Такир Балықбаев өзінің мерейтолық баяндамасында Өнер, мәдениет және спорт институтының жүріп өткен жолдарына шолу жасай келіп, оның бүгінгі табыстары мен алдағы асуларына тоқталды. Ректор институттың професор-оқытушылары мен қонақтарын мерекелік медальдармен марапаттады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім