қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы
23.04.2018

«Сөз этикеті. Ғылыми мәтіннің қысқаша мазмұнын жасау» ашық сабағы

 

2018 жылдың 20 сәуірінде практикалық тілдер кафедрасының магистрі, оқытушысы Гүлмира Амангелдиева «Математика, физика және информатика» институтының «Физика» мамандығының 1 курс студенттеріне «Орыс тілі» пәні бойынша «Сөз этикеті. Ғылыми мәтіннің қысқаша мазмұнын жасау» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

 

Ашық сабаққа комиссия мүшелері мен практикалық тілдер кафедрасының оқытушылары қатысты.

 

Ашық сабақтың мақсаты: сөз әдебі мен тіл мәдениетін дамыта отырып,практикалық мақсатта қолдану маңыздылығын айқындай түсу; логикалық ойлауды дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, топта жұмыс істеуді дамыту, пікірталаста сөз мәдениетін сақтай отырып, өз ойларын қорғай білуге үйрену.

 

Сабақ барысында интерактивті әдістер мен технологиялар қолданылды. Сабақтың екінші бөлімінде студенттер дайындаған рефераттарын қорғады. Рефераттар алды-ала оқытушымен плагиаттан тексерілген болатын.

 

Студенттер сабаққа белсенді қатысты. Сабақтан кейін комиссия мүшелері мен кафедра оқытушылары сабақты талқылап, пікірлерін айтты.

 

          

 

          

 

          

 




Кері оралу