қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

 

2017 жылдың 17 қарашасында шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетелдік азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенттері мен магистранттарына арналған 72-ші ғылыми конференциясын өткізді.


Жұмыс екі бағытта жүргізілді: 1. «Тілдің лингвистикалық және мәдени аспектілері», төраға: Тоқтарова Т.Ж. - ф.ғ.к., профессор, хатшы: Нұрахунова Г.М. - филология ғылымдарының кандидаты, доцент; 2. «Шетелдіктерге орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» бөлімі, төраға: Бегалиева С.Б. - п.ғ.д., профессор, хатшы: Есіркепова И.Е. - ф.ғ. магистрі, оқытушы.


ЮНЕСАУ (ҚХР)Чжэцзян шет тілдер институтынан Академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттердің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.:, Цзэн Чжэ «Классификация методов обучения в дидактике» (ғылыми жетекшісі п.ғ.д. Б.Б.Бегалиева), Хэ Тинюй «Виды диктантов по русскому языку и методика их проведения» (ғылыми жетекшісі п.ғ.д. Б.Б.Бегалиева), Сюй Цзюньцзянь «Особенности лексико-семантической группы «театр» (орыс тілінің материалдары бойынша) (ғылыми жетекшісі п.ғ.д.Т.Т. Айтказина), И Синьцин «Русский язык в Китае: прошлое и настоящее» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Б.С.Балгазина), Гао Чэньси «Из истории падежей русского языка» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Б.С.Балгазина), Чжао Сяо Чэн, Чжу Шихун «Трудности изучения видов глагола китайскими студентами» (ғылыми жетекшісі PhD докторы Ф.М.Ержанова), Чэнь Шида «Проблемы изучения творчества Пушкина в Китае: аудармаларға шолу (ғылыми жетекшісі ф.ғ.к. Г.М.Нұрахунова).

 

«Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы 


2017 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ дайындық факультетінде (Foundation) Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен
«Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» атты жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға қатысуға республиканың аймақтарынан, тіптен Қытай, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Ресейдің студент, магистрант, докторанттарынан 115 баяндама түсті.
        Секцияда Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жоо студент, магистрант, докторанттарының 70 баяндамасы тыңдалды. Қатысқандар:
Абай атындағы ҚазҰПУ, (Алматы), «Мирас» университеті (Шымкент), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Кокшетау), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент), Іле педагогикалық университеті (Инин, ҚХР), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда), М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік институты (Шымкент), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы), К. Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық мемлекеттік университеті (Ақтөбе).
      Үздік ғылыми жұмыстарға грамота, олардың ғылыми жетекшілеріне Абай атындағы ҚазҰПУ ректоратынан алғыс хаттар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра оқытушыларының ғылыми жұмысы жалпы педагогика, лингвистика, салыстырмалы тіл білімі, лингвомәдениеттану, қазақ және орыс тілдерін, әдебиетті оқыту әдістемесі салалары бойынша жүргізіледі. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің «Қазақ және орыс тілдерін дәстүрлер мен инновация аясында шет тілі ретінде оқыту» негізгі бағыты аясында кафедра ПОҚ-тың жеке ғылыми жұмысы жүргізіліп, қазіргі лингвистика және әдебиеттанудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобалар әзірленеді.
Кафедра оқытушыларының ғылыми жұмыстарының нәтижелері ғылыми мақалаларда, түрлі деңгейдегі конференциялар материалында көрініс табады. Кафедра оқытушылары 2015 жылы төмендегідеі конференция жұмыстарына қатысты: «Strategiznepytaniaswiatowejnauki» халықаралық ғылыми конференция (Пшемышль қ., Польша, 07.02-15.02 2015ж.); «Pedagogical science and civilization» халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Польша, 20.01.2015-07.02.2015); «Білім берудегі жаңа технологиялар» халықаралық ғылыми конференция (Красноярск қ., РФ, 16.05.2015 ж.); 2. «Тәрбие берудің жүйесі мен әдістері» халықаралық ғылыми конференция (Нижневартовск қ., РФ, 30.11.2015 ж.); «Ғасырлар тоғысындағы білім беру» - «Қазіргі білімнің мақсаттарын жүзеге асыруға проблемалық-ақпараттық көзқарас: теория мен практика мәселелері» XI Бүкіл ресейлік ғылыми-практикалық конференция халықаралық қатысуымен (Нижневартовск мемлекеттік университеті, РФ, 5 қараша 2015 жыл), «Ғылым және білімнің өзекті мәселелері», Куба, Варадеро қ., 20-31 наурыз 2015; «Педагогикалық кадрларды даярлау бойынша ЮНЕСКО стратегиясын жүзеге асыру: Білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізудің мәселелері мен жолдары», 2013-2022 жж. мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдықтың шеңберінде ЮНЕСКО-нің 70-жылдығын тойлауына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы қ., 24-25 қыркүйек 2015 ж.), профессор Т.Жұмажанованың 70-жылдығына арналған «Қазақ тілі мен әдебиетін жаңа технологиялармен меңгертудің оқу-әдістемелік негіздері» республикалық ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік семинар.
Жалпы 2015 ж. кафедра оқытушылары 138 мақала жариялады, оның ішінде 21 - РИНЦ импакт-факторлы журналдарында, 28 - шетелдік лицензияланған журналдарда.
Кафедрада орындалатын ғылыми жобалардың тақырыптарында шетелдік аудиторияда қазақ және орыс тілдері бойынша болашақ мамандарды даярлау барысында инновациялық әдістерді қолданудың өзекті мәселелері көрініс табады, бұл осы мамандық бойынша шетелдік азаматтарды оқыту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы бағыт аясында 2015 ж. 4 наурызда И.В.Панфилов атындағы №54 КРШГда кафедра оқытушылары орта буында орыс тілін оқыту әдістемесі бойынша гимназияның 5 және 6 сыныптарында 2 шебер-класты, «10-11 сыныптарға арналған орыс тілінен қазіргі оқулықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып оқушыларына арналған орыс тілінен оқулықтардың мазмұны, оқулықта қолданылған орыс тілін оқытудың инновациялық әдістері, оқулықтардың тілдік және сөйлеу материалдарының мазмұны сияқты мәселелер талқыланды.
2015 жылы кафедрада төмендегідей ғылыми іс-шаралар өткізілді:
1. 7 сәуір - жақсы дәстүрге айналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты Жас ғалымдардың халықаралық конференция. Бұл конференцияның мақсаты жас мамандарды ғылыми-білім беру қызметіне тарту, олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби өсуін дамытуға ықпал ету болып табылады. Конференция Қазақстанда және шетелде ғылым мен жоғары білімнің дамуына қызығушылық танытқан қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің күштерін біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар қазақстандық ғылым мен білім салаларының дәстүрлерін сақтап, халықаралық қауымдастыққа шоғырлануға, ғылыми және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға өз ықпалын тигізетіні сөзсіз;
2. 24 қараша - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.к. Ф.Г.Брулеваның 80-жылдығына арналған «Тіл білімі, әдебиеттану және лингводидактиканың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел. Бұл іс-шараның мақсаты қазіргі тіл білімі және әдебиеттану саласында негізгі мәселелерді талқылау, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру болып табылады.
Кафедрада Ханой педагогикалық университетімен (Вьетнам), Хошимин педагогикалық университетімен (Вьетнам), М.В.Ломоносов атындағы ММУ-мен (Ресей), Іле педагогикалық университетімен (ҚХР, Инин) халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.
Профессор С.Б.Беғалиева, профессор Ф.Г.Брулева, профессор Т.Ж.Тоқтарова, доцент В.А.Қазабева, доцент Г.М.Нұрахунова, асс.профессор Т.Т.Айтқазина қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналған орыс тілінен оқулықтардың, мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік және оқу құралдарының, өзге тілді мектептерге арналған орыс әдебиеті бойынша оқулықтардың авторлары болып табылады. Оқулықтар мен оқу құралдары оқытудың жаңа технологияларды ескере отырып, әзірленген.
Соңғы екі жылдың ішінде студенттердің Қазақстан және шетелдің ғылыми журналдарында, сонымен қатар конференция материалдарының жинақтарында жарияланымдар саны ұлғайып, тек 2015 жылы 31 мақаланы құрап отыр.
Жыл сайын шетелдік студенттер педагогикалық практикадан Алматы қ. халықаралық №54 лингвистикалық гимназияда өтеді.
Өндірістік практика маманның кәсіби дайындығының маңызды кезеңдерінің бірі болып, педагогикалық қызмет пен кәсіби шеберліктің негізін құрайтын кәсіби білім мен дағдылардың қалыптасуына бағыт береді.
Кәсіби практиканың тиімділігін арттырудың негізгі шарттары:
- практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуына жеке тұлғаға бағытталған кешенді көзқарас;
- теориялық оқытумен интегративтік байланыс, оның жүйелілігі, үздіксіздігі, шығармашылығы мен сабақтастығы: оқыту, дамыту, тәрбие беру және диагностикалау қызметін жүзеге асыру, бейімделу.

 

 

Кафедраның  ғылыми бағыты дәстүр мен инновацияны ұштастыра отыра орыс тілін шет тіл ретінде оқыту. Осы бағытт  кафедраның ПОҚ-ның ғылыми еңбектерінде, ғылыми халықаралық, республикалық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы іске асып отыр.

Кафедра келесі ғылыми бағыттарда жұмыс істейді: орыс тілі мен әдебиеттің әдістемесі, салыстырмалы тіл білімі, лингвокультурология, когнитивтік тіл білімі, дискурс теориясы, диалог теориясы, концептология, әдебиет теориясы, педагогика.

Кафедраның «Дәстүр мен инновацияны ұштастыра отыра орыс тілін шет тіл ретінде оқыт» негізгі бағыты  аясында  оқытушылар өздерінің жеке ғылыми жұмыстарын жасауда, сонымен қатаросы бағытта тіл мен әдебиеттің, педагогиканың  өзекті мәселелерін көтеретін ғылыми жобалар да жасалынып жатыр: Орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі шет тіл аудиториясында; орта мектепте  орыс тілін оқыту әдістемесі; жаңа буынға арналған оқулықтарды жазу;  лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері;

Кафедра ұжымы халықаралық, республикалық конференцияларға белсенді қатыады, мақалаларрын жарыққа шығарады.

Кафедра ұжымы «Инновационные основы языковой вузовской подготовки в полиязычных образовательных условия РК» атты   абай атындағы ҚазҰПУ-ң ректоры Пірәлиев С.Ж тағайындаған грантты жеңіп,   осы грант аясында «Путешествуем по Казахстану» атты оқу құралын жарыққа шығарды.

Жыл сайын кафедра ұжымы «Казахстан в международном образовательном пространстве» атты  жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.        Аталмыш шараны  ұйымдастырудағы мақсат -  қазақстандық ғылым мен білім беру дәстүрін сақтау,  оларды халықаралық қауымдастыққа  интеграциялау, ғылыми және педагогикалық  мамандардың біліктілік дәрежесін арттыру және  жастарды ғылыми зерттеу жұмыстары мен жан-жақты білім алуға бағыттау.

Кафедра ұжымы Ханой  педагогикалық университетімен (Вьетнам),  Ломоносов атындағы  ММУ  (Ресей), Қытай  Іле педагогикалық университетімен  халықаралық қарым-қатынасы туралы келісімшартқа отырған.

Аталған келісімшарт аясында   Қытай  Іле педагогикалық  университетінде «Абай орталығын» 3 мамырда ашты. Бұл орталықтың негізгі мақсаты  оқытушылар мен студенттерге арналған кездесулер, семинар мен дөңгелек үстелдер, дәрістер ұйымдастыру.

2013 жылдың 04 сәуірінде  шетелдіктерге арналған орыс филологиясы факультеті «Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» тақырыбында жас ғалымдардың   V ғылыми халықаралық конференциясын  өткізді, бұл дәстүрлі өтілетін шараның  мерейтойы десе де болады.