қазақша · русский · english
   
Халықаралық қызмет

ОРЫС ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША

ОНЛАЙН СЕМИНАР: МӘСКЕУ - АЛМАТЫ

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының оқытушылары мен студенттері Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінде (ММАУ, Ресей) өткен орыс тілін оқытудың этно-бағытталған әдістемесі бойынша онлайн семинарларға қатысты: 31 қазан (Вьетнам тілінде сөйлеушілер үшін ), 1 қараша (түркі тілдерінде сөйлеушілер үшін) және 2 қараша (Иран тілінде сөйлеушілер үшін).

 

  

31 қазан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 2 курс магистранты Нгуен Тхань Чунг аталмыш онлайн семинарда Қазақстандағы орыс тілін оқитын вьетнамдық студенттердің әлеуметтік-мәдени және академиялық (білімдік) бейімделуі туралы баяндама жасады (жетекшісі - профессор Балғазина Б.С.). Оның баяндамасы онлайн-семинардың тыңдаушылары арасында қызығушылық тудырды. Баяндаманың соңында барлық тыңдаушылар оған қол соғып, қошеметке бөледі.

2 қарашада кафедра оқытушысы доцент Нұрахунова Г.М. орыс тілін иран тілде сөйлейтін студенттерге үйрету мәселелері туралы баяндама жасады.

Кафедраның қауымдастырылған профессоры Айтқазина Т.Т. бірнеше жыл бұрын кафедрада ашылған «Қазақстанның аймақтану» кабинетін көпшілікке таныстырды.

  

Дайындық тобының тыңдаушылары Хусейнов Сидик (Тәжікстан) және Жалали Саадат Арифе (Иран) Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы оқу туралы айтып берді. 

 

Біздің студенттер ЭКСПО-2017 көрмесінде еріктілер қатарында

   Халықаралық конференция, көрмелер және т.б. ұйымдастырумен айналысатын «Unions Communications Co» компаниясы өткізген байқауда Абай атындағы ҚазҰПУ Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының 3 курс студенттері Пак Сольи, Юн Хесон мен Ким Сонгджилерді Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне жұмысқа шақырды.
    Студенттеріміз 29 мамыр мен 13 қыркүйек аралығында корей елінің павильонында ерікті-аудармашылар болып жұмыс атқарады.

Кафедра филологических специальностей

для иностранных граждан и довузовской подготовки

Ханой Ұлттық педагогикалық университетімен (Вьетнам) ғылым саласындағы ынтымақтастық

 

13.09.2012ж. Ханой Ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық шартының шеңберінде жылда «Journal of Science» ғылыми мақалалар жинағына шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының поқ пен Абай атындағы ҚазҰПУ басқа да кафедралары мен өзге жоо ғылыми жұмыстары басылып шығарылады.
2016 жылы төртінші саны жарық көрген болатын.
Ғылыми мақаланы жинаққа басып шығаруға қалаушылар кафедраның халықаралық байланыс координаторы проф. Б.С. Балгазинамен хабарласса болады.

Байланыс телефон: 8 775 1584125.
E-mail: bakhitgul555@mail.ru

 

28 қараша мен 10 желтоқсан аралығында шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасына оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасымен Эдукологиялық Литва университетінің (Вильнюс, Литва) орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі доктор Йовита Русецкая жұмыс жасайды. Жұмыс жоспарында доктора Й. Русецкая қазіргі таңдағы орыс тілі және шетел студенттері мен магистранттарының орыс тілін дамыту тақырыбында дәріс оқиды және кафедра оқытушыларына шеберлік сағаттарын өткізеді.

 

«Тілдік ортада шетел азаматтарына орыс тілін үйрету әдісі: тәжірибемен алмасу» тақырыбындағы дөңгелек үстел.


Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасында 2016 жылы 9 желтоқсанда Литва Эдукологиялық университеті (Вильнюс, Литва) филология ғылымдарының докторы, орыс филологиясы мен мәдениетаралық қатынас кафедрасының меңгерушісі Йовит Русецкая қатысуымен «Тілдік ортада шетел азаматтарына орыс тілін үйрету әдісі: тәжірибемен алмасу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде орыс тілін шет тіл ретінде оқытудың әдістері талқыланды. Й.Русецкая түріктілді аудиторияға орыс тілін үйретудегі тәжірибесімен бөліссе, біздің оқытушылар қытай тілді аудиторияға қолданатын интербелсенді технологиялар, әдістер мен амалдар тәжірибелерімен бөлісті. Кафедра оқытушылары доктор Й. Русецкаяға кафедра студенттері мен магистранттарына өткізген сабағына алғысын білдіріп, факультет деканы, профессор Х.Н. Жанбеков пен кафедра меңгерушісі С.Б. Бегалиева қонаққа сыйлықтар табыстап, алдағы уақыттағы белсенді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

 

 

2016 жылы 14 қарашада Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы «Бізді біріктірген орыс тілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Дөңгелек үстелде ТМД Россотрудничества департаментінің басшысы Маленко Сергей Владимирович пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің Алматыдағы елшісі Переверзева Ирина Владимировна қатысты. Литва, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай елдерінің 1-3 курс студенттері мен дайындық топтарының тыңдаушылары да сөз сөйледі.
Білім алушылар орыс тілінің әлемдегі орны туралы айтып, орыс ақындарының өлеңдерін оқып, орыс ертегілеріне қойылымдар қойып, қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрін көрсетті.
Қонақтар тіл үйренудің маңызын мемлекеттер арасындағы ғылыми, мәдени, экономикалық байланыстарға да қажет екендігін айтты.
Маленко С.В. мен Переверзева И.В. кафедраға әдеби мен әдістемелік кітаптар сыйға тартты. Сонымен қатар Переверзева И.В. бірінші курстарды құттықтап, оларға студенттік билеттерді табыстады. Соңында студенттер мен тыңдаушылар РФ елшісіне сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

 

      

ПОМОР АКАДЕМИЯСЫНЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ (Слупск қаласы, Польша)

2016 жылдың 14 маусым күні Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушыларының Помор Академиясының (Слупск қаласы, Польша) ректоры Збигнев Осадовскиймен және неофилология Институты орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Нефагина Галина Львовнамен кездесу өтті.

        


Қонақтарға халықаралық сертификацияға дайындалу, қазақ-вьетнам мәдени-білім беру орталығы, орыс тілі, қазақ тілі, Қазақстандағы өлкетану дәрісханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Әр жылдағы мерекелік шаралардан жинақталған кафедраның өмірі туралы видеоролик көрсетілді. Ректор Збигнев Осадовский мен Г.Л. Нефагина пікір кітабында: «Кафедраға, барлық қызметкерлерге жылы қабылдағанына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің орыс тілін оқытудағы ерен еңбектеріңіз үшін таңымыз бар. Сіздерден үйренетін нәрсеміз көп. Помор Академиясының және орыс тілі Институтының тығыз ынтымақтастығына үміттенеміз. Сіздерді өзіміздің жоо қарсы алуға дайынбыз. Рахмет» - деп кафедраға деген ризашылықтарын және де тілектерін жазып қалдырды.

        


Ақпаратты дайындаған проф. Б.С.Балғазина.


Халықаралық қызмет

2015 жылдың 9 ақпанында Ханой университетінің «Абай атындағы ғылым мен мәдениет орталығында» университет басшылығының ҚР Вьетнамдағы елшілігімен кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Вьетнамдағы елшісі Бектжан Жумаханов (сол жақтан төртінші), Ханой университетінің ректоры Нгуен Динь Луан (оң жақтан бесінші), Абай атындағы ҚазҰПУ професооры Чан Динь Лам (сол жақтан бірінші) және басқа да ресми өкілдері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты Абай атындағы ҚазҰПУ мне вьетнамдық жоо арасындағы серіктестік арқылы дамыту мәселелері талқыланды.


Вьетнам - Қазақстан - Вьетнам

2013-2014 оқу жылында 1 семестр көлемінде шет ел азаматтарынан филологиялық мамандықтар кафедрасында 3 курста академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 вьетнамдық Хошимин педагогикалық университетінің студенттері Нгуен Тхань, Чунг, Фам Ле Нгох Ан, Фан Динь Хоанг білім алды. Студенттер оқу бағдарламасын толық орындап, экзаменді жақсы тапсырып, елдеріне Қазақстан туралы жақсы пікірмен қайтты.