қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2019

Польшада «Абай: философия, поэтика, рецепция» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті

 

2019 жылдың 16 қазанында Слупск қаласындағы Померия академиясының филология институтының (Польша), Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымының орталығында ұлы қазақ ақыны, философ, композитор және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай: философия, поэтика, рецепция» тақырыбында жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.


Іс-шараға Қазақстан Республикасының Гданьск қаласындағы Құрметті консулының көмекшісі Иоанна Насыров қатысып Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұханның семинарға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Қазақстанның Польшадағы елшілігі, сондай-ақ Гданьск қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы семинардың Құрметті патронатына ие болғандықтарын атап өтті. Іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қолдауымен ұйымдастырылды.


Семинардың ашылуында студенттермен жұмыс жөніндегі проректор, профессор Данута Герчинск сөз сөйлеп, Қазақстанмен және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ғылыми ынтымақтастық жұмыс істеп мерзімді ғылыми тәжірибе, семестрлік дайындықтар өткізіп жатқандықтарын айтты. Бірнеше топ осы дайындықтан өтті. Екі оқу орнында қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда, соның арқасында Абай атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының 4 студенті мен магистранты еуропалық үлгідегі дипломға ие болды.


Семинардың тағы бір қонағы филология институтының директоры Кристина Кравец-Злотковска ханым болды, ол Абай идеяларының қазіргі әлемдегі маңыздылығы мен өзектілігін, мәдениетаралық диалогтың қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге ол Абайдың идеялары бүкіл адамзатқа қатысты, өйткені ол өз жұмысында жалпы онтологиялық мәселелерді көтеретінін атап өтті.


Семинардың ашылуында орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Галина Нефагина сөз сөйледі. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қазақ мәдениеті мен ғылым орталығының атынан Г. Нефагина ханымға Слупск пен Померанияда осындай орталықты құруға қосқан зор үлесі үшін үлкен алғыс айтылды.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері Жаннат Дәуенова, Зарина Құрбанбаева, Әсем Октамбек және Диана Бекижанова ұлттық киімде би өнерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды және ұзақ шапалаққа бөленді.


Семинардың ғылыми бөлімі жоғары деңгейімен ерекшеленді. Ресей (Пермь), Польша (Познань, Слупск) және Қазақстан (Алматы) өкілдері баяндама жасады. Бұл күні Абайдың әлем тілдеріне, оның ішінде поляк тіліне аударылған бірнеше ондаған үзінділері тыңдалды. Алматы мен Познаннан келген қатысушылар «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.


Филология институтының директоры, профессор Кристина Кравец-Злотковска қатысушыларға мақалаларын Померания академиясының «Полилог» ғылыми журналында жариялауға кеңес берді.

 

   

 

   

 


Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылымы орталық үйлестірушісі
mgr Максим Пономаренко