қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Дайындық факультетінің шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы Ж.Б. Бейсбекова 07.11. 2016-08.02.2017жж. аралығында  Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университеті жанынан ашылған Абай орталығында қызметтік іссапарда болып қайтты.

Іссапар кезінде Абай орталығының ұйымдастыруымен Іле педагогикалық университеті Сыртқы істер халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Н.Әденұлы және бөлім орынбасарлары Жан Хау мырза, Г.Көркемқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында екі университет арасындағы достығы мен халықаралық ынтымақтастығын дамыту мақсатында Абай орталығының 2016/2017 оқу жылына атқарылатын іс-шараларының жоспары талқыланып, Іле педагогикалық университеті ректоры, профессор Ма Уынха тарапынан бекітілді. Сонымен қатар, екі жақты университет студенттерінің шетелде ауысыммен тәжірибе алмасуы, білімін толықтырулары жайлы және университеттің білікті мамандарынның өзара тәжірибе алмасуы, семинар,тренинг өткізулеріне жан-жақты қолдау көрсету сондай-ақ, университет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі өрістету туралы кеңінен сөз болды.
Абай орталығында жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
Абай орталығына қарасты «Аққайнар» сайтымен бірлесіп ұйымдастыруында 2016/2017 оқу жылына екі жақты келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ауысыммен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Іле педагогикалық университеті, Шетел институтына қытай тілін меңгеруге оқуға келген 2,3курс студенттерімен Іле педагогикалық университеті қазақ тілі әдебиеті кафедрасының 1,2,3,4 курс студенттері және «Аққайнар» сайт жетекшісі Қ.Нұрғалиұлымен сайт мүшелері кездесіп, «Шетелде оқудың артықшылығы мен тиімлідігі» тақырыбында дебат түрінде сұхбат жүргізілді. Дебат барысында екі ел университет студенттері шетелде оқудың басты мақсаты, шетелде оқудың тиімді тұстары, пайдасы, профессор-оқытушылардың сабақта оқып үйренуде колданылатын әдіс-тәсілдері және екі ел оқу-ағарту жүйесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары жөніндегі түрлі көкейкесті бай мазмұнды сұрақтар төңірегінде сөз қозғап, шетелде оқып-үйренуде алған әсерлері, тұрмыс жақта түрлі кезіктірген мәселелерін ортаға қойып, концерттік бағдарламамен ұштасып көңілді әзілі аралас өзара пікір алмасып сұхбаттасты. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері қытай, ағылшын тілдерінде де өз ойларын ортаға салып өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, бірі мың бұрала би билесе, бірі кәріс тілінде ән шырқап үлкен қошеметке бөленді. Осы орайды пайлана отырып, екі ел университет студенттері Университет басшыларына, қызметкерлеріне шетелде ауысыммен оқуларына үлкен мүмкіндік бергеніне алғыстарын білдірді. Дебат соңында «Аққайнар» сайт жетекшісі Қ.Нұрғалиұлы, сайт мүшелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келген студенттерге өз ризашылықтарын білдіре отырып, естелікке сый тартуларын тарту етіп, Қазақтың ұлы ақын-ойшылы Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық- ай» әнін орындап суретке түсті.
Абай орталығында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оның рухани мұрасын насихаттау мақсатында және де еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жайлы қысқаша мағлұматтар бере отырып, студенттердің (дайындық топтарында, бакалавр, магистратурада, доктарантурада) білім алуын тарту мақсатында және шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының шетел азаматтарымен де тікелей жұмыс жүргізетіндігі сонымен бірге, ТОРФЛ тест тапсырушы шетелдік азаматтарға кеңес беру орталығының Халықаралық ТОРФЛ сертификатына дайындау курстарының жүргізілетіні жайлы айтылып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын Іле педагогикалық университеті студенттері назарына бейнебян, слайд түрінде көрсету арқылы шетелде сапалы жүйелі білім алудың қажеттілігін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Абай орталығында Іле педагогикалық университеті Сыртқы істер халықаралық қатынастар басқармасы және қытай тілі профессор-оқытушылары тарапынан Қазақстанның әр қаласынан келген студенттердің тәжірбие алмасуы барысында сертификаттар табыс етілді.

Ақпаратты дайындаған: Ж.Б. Бейсбекова

12.12.2016 мен 15.12.2016 аралығында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы шетел студенттеріне арнап ҚР Тәуелсіздігіне орай Алматы қаласына экскурсия ұйымдастырды.
12.12.2016ж. Т.Т. Айтказина, В.А. Казабеева мен Л.К. Мамытбекова Қытай, Иран, Корея, Литва мен Вьетнамнан келген студенттерге Медеу мұз айдынын таныстырды. Экскурсия жетекшісінің тәуелсіздік, тарихи ескерткіштер туралы әңгімелерін шетел азаматтары мұқият қызығушылықпен тыңдап, Қытайдан келген қандас бауырларымыз ата-әжелерінің туған жерлері туралы айтқан әңгімелерін естеріне алып, өздерінің қазақ екендіктерін мақтан тұтып, жақсы ойлармен бөлісті. Вьетнам елінің студенттері Медеу мен Шымбұлаққа таңырқай қарап, өз елдерінде қар болмайтынын айтып, есімізде мәңгі сақтап қаламыз деді.
13.12.2016 ж. Б.С. Балгазина, Г.Б. Шарипова мен Д.А. Алиева оқытушылардың ұйымдастырумен ҚР мемлекеттік мұражайына барды. Оңтүстік Корея студенттері алтын адам монументіне таңданыстарын білдірді. Сол күні кешкі уақытта оқытушы Л.К. Мамытбекова ҚХР Іле университетінің студенттерімен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Сыған серинадасы» қойылымын тамашалады.
14.12.2016ж. кафедра жетекшілерінің ұйымдаструымен №8 жатақханада «Бір шаңырақ астында» тәрбиелік шарасы өтті. Мерекелік дастархан жайылып қазақтың ұлттық тағамдары қойылып дәмнен ауыз тигізді. Сонымен қатар келе жатқан Тәуелсіздік күні жайлы мағұлыматтар айтылды.
15.12. 2016ж. С.Б. Бегалиева, Т.Ж. Токтарова, Г.М. Нурахунова оқытушылары студенттермен ҚР Ұлттық кітапханасына барды. Экскурсия жетекшісі кітап қорының толығуы тарихымен таныстырды. Ұлттық кітапханада Ресей, ҚХР Иран, Пәкістан, Турция мәдени орталықтары ашылғанынан хабаардар болды. Сонымен қатар кітапханада Мұрат Әуезовпен кездесіп сұхбаттасты. Студенттерге ұйымдастырылған шаралар ұнап, көңілдерінен шықты.

 

«Тілдік ортада шетел азаматтарына орыс тілін үйрету әдісі: тәжірибемен алмасу» тақырыбындағы дөңгелек үстел.


Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасында 2016 жылы 9 желтоқсанда Литва Эдукологиялық университеті (Вильнюс, Литва) филология ғылымдарының докторы, орыс филологиясы мен мәдениетаралық қатынас кафедрасының меңгерушісі Йовит Русецкая қатысуымен «Тілдік ортада шетел азаматтарына орыс тілін үйрету әдісі: тәжірибемен алмасу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде орыс тілін шет тіл ретінде оқытудың әдістері талқыланды. Й.Русецкая түріктілді аудиторияға орыс тілін үйретудегі тәжірибесімен бөліссе, біздің оқытушылар қытай тілді аудиторияға қолданатын интербелсенді технологиялар, әдістер мен амалдар тәжірибелерімен бөлісті. Кафедра оқытушылары доктор Й. Русецкаяға кафедра студенттері мен магистранттарына өткізген сабағына алғысын білдіріп, факультет деканы, профессор Х.Н. Жанбеков пен кафедра меңгерушісі С.Б. Бегалиева қонаққа сыйлықтар табыстап, алдағы уақыттағы белсенді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

 

Бірінші Президент күні


2016 жылдың 30 қарашасында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасында Бірінші Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті.
Бірінші Президент күнінің тарихы жайлы Г.М Нурахунованың жетекшілігімен 1 курс студенттері айтса, Т.Т. Айтказина, Токтарова дайындаған студенттер Президенттің отбасы және Бірінші Президент Саябағы туралы ақпарат берді.
Л.К. Мамытбекованың жетекшілігімен 2 курс студенттері президенттің қызығушылықтары туралы, С.Б. Бегалиева мен Б.С. Балгазина жетекшілігімен 2, 3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары Президенттің ҚХР, Корей Республикасы мен Вьетнамға сапарлары туралы хабардар етті. Т.Т. Айтказина тындармандарды Н.Ә. Назарбаевтың және Н.Ә. Назарбаев туралы жзылған кітаптармен таныстырды.
Д.А. Алиева эдвайзерлік ететін 4 курс студенттері «мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жайлы айтты.

 

 

2016 жылдың 16 қарашасында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы студенттері, оқытушылары мен тындаушылары Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінің ұйымдастырумен өткен «Оптимизация методов, методик и приёмов этноориентированного обучения китаеязычной аудитории русскому языку» атты халықаралық ғылыми интернет-симпозиумға қатысты.


Интернет-симпозиум шеңберінде Ресей мен Қытай мамандарының қатысуымен видеоконференция өтті. Орыс тілін шет тіл ретінде оқыту тәжірибесімен п.ғ.д., профессор С.Б. Бегалиева да бөлісті.
Шара нақты уақыт шеңберінде «Русский мандарин» дидактикалық платформасында таратылды
(http://rusman.mgou.ru/).
Ресей Федерациясының Цзянсу провинциясының ресми өкілі, құрметті МГОУ профессоры У Хао;
Россотрудничестваның білім мен ғылымдағы ынтымақтастық басқармасының орыс тілінің бас маманы Татьяна Анатольевна Мосиевич; МГОУ орыс филологиясының факультетінің ф.ғ.д., профессор Ольга Викторовна Шаталова сөз сөйледі.
Дикуссияға 100-ден аса ғалымдар мен практик-мамандар қатысып, орыс тілінің фонетика, грамматикасын үйретуде эносқа бағытталған әдістерді қолдану туралы айтты.
Видеоконференцияда ҚХР, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының өкілдері сөз сөйледі.