қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2011

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

(8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында)

«Фестиваль русской песни!» атты мерекелік іс-шараның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Оқиға:
Мерекелік іс-шараның ашылуы

Өтетін күні: 4 наурыз 2011 ж. сағ.10.00

Өтетін орны: ҚазҰПУ физика-математика факультеті

Ұйымдастырушы: ҚазҰПУ Дайындық факультеті, шетелдіктерге арналған оыс филологиясы кафедрасы


2011 жылдың 4 наурызында дайындық факультетінің шетел студенттерінің арасында орыс әндері фестивальі өтеді.

Мерекелік іс-шараның мақсаты-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізілуде. Шетелдікктерге арналған орыс тілі кафедрасы болғандықтан орыс тілін қаншалықты деңгейде үйренгендіктері және ұлттар татулығын көрсету.

Дайындық факультетінде Қытай, Корея, АҚШ, Түркия елдерінің студенттері мен тыңдаушылары оқиды. Әр түрлі тілді, дәстүрлі шет ел студенттері болғандықтан осындай мерекелік іс-шаралар ұлттар татулығының бірден-бір бастамасы болып келеді. Бұл фестивальда тек орыс тілді әндер ғана орындалады. Қазіргі орыс тілді әндер және ретро орыс тілді әндері. Әндерді топ бойынша және жеке дауыспен де орындайды.

Мерекелік фестивальға Қытай елшілігі, Корея елшілігі, АҚШ елшілігі, Түрік елшілігі, Ресей елшілігі, Син Ойл және СНПС компаниялары, әл Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰПУ барлық факультеттері, ҚазҰПУ Халықаралық қатынастар басқармасынан қонақтары келеді.


Анықтама үшін тел.: 272 46 42

261 65 98