Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
28.10.2019 Алматыда стадионға ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді
Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің қарамағындағы «Спартак» стадионы бұдан былай қоғам қайраткерінің атымен аталады. Салтанатты ашылуы бүгін аталған спорт кешенінде басталған футбол турнирі аясында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кешенге Мұхтар Әуезовтің атын беру және жазушының атындағы футбол турнирін өткізу бекер емес. Себебі, қазақ жерінде құрылған алғашқы құрамада қаламгерде өнер көрсеткен.
«1913 жылы Семей қаласында «Ярыш» деген команда, қазақша «Жарыс» деген сөз ғой, дүниеге келді. Оның мағынасы жарысу керек деген сөз. «Жарыс, жеңіске жет» дегендей. Осындай турнир болып жатқанын, көптеген жастар келіп жатқанына ризамын, меніңше бұл турнирдің болашағы зор», - деді мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов.
Жарыста ардагер спортшылармен қатар жастар құрамалары да бақ сынап жатыр. Турнирдің бір ерекшелегі командалардың аты жазушының шығармаларымен аталған. Ал, жастар арасындағы теңбіл доп додасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Украина елдерінен келген топ кім мықтыны анықтайды. Турнирдің финалдық ойындары ертең Мұхтар Әузеов атындағы спорт кешенінде өтеді.
«Бізге бұл турнир өте маңызды. Себебі, ұлы атамыз Мұхтар Әуезов кешенінде болып жатыр. Бізде, менде бәрі жақсы себебі біз бірінші ойынды ірі есеппен жеңдік. Жаттықтырушыға алғыс айтамыз», - деді жарысқа қатысушы Жарқын Сейітхан.
28.10.2019 ж. Ақпарат көзі: almaty.tv |