2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық 2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық 2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық 2016/2017 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық 2015/2016 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық 2014/2015 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010400-Бастапқы әскери дайындық
5В010400 - БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5В010400 - БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: 1. Кафедраның оқу-әдістемелік секциясының жұмысы. 2. Оқу-әдістемелік жұмысын қамтамасыз етуді құру және жетілдіру сапасы, кафедрадағы пәндер бойынша жұмыс-оқу бағдарламалары, силлабустар және пәннің оқу-әдістемелік кешенін бекіту. 3. Кафедра оқытушыларының ашық сабақтарын жүргізуді және өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру бойынша жұмыс. «Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы қазіргі қоғам талабына сай өмірлік маңызы бар жоғары дәрежелі мамандықты, яғни жалпы білім беретін мектептерге арнайы «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыруда.
Әскери-патриоттық тәрбие негіздері
Мамандық бойынша пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі: Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың өсу динамикасына байланысты бастапқы әскери дайындық мамандығының болашақ әскери педагогтарды тәрбиелеуде маңызы, қажеттілігі арта түсуде. Қазіргі кезде бастапқы әскери дайындық мамандығының басты міндеті әскери-педагогтардың қызметке психологиялық, физикалық дайындығын қалыптастыру болып табылады. Мамандықтың ең маңызды мәселесі оқу-әдістемелік, оқу-материалдық базасы болып табылады.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы көрсетілген мамандықтың мемлекеттік стандартына сәйкес қызмет атқарады. Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық кафедрасы 2016/2017 оқу жылында оқылатын міндетті компонент бойынша 14 пән, таңдау пәні бойынша 23 пән. Жалпы алғанда, 37 пәннен ПОӘК жаңа үлгіде пәндердің силлабустары, оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендері, Білім және Ғылым министрлігінде бекітіліп, типтік бағдарламаларға сәйкес құрастырылған. 5В010400 (050104) - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша кафедрада оқытылатын кәсіби пәндер тізімі: Кафедраның бітіруші студенттерінің диплом жұмысының тақырыптары Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік секциясы мен кафедра мәжілістерінде (30.10.2016 жылғы №3 хаттама) қаралып, бекітілген. Оқу жылының басында қорғалатын диплом жұмысының тақырыптары мамандықтың ерекшелігін айқындай отырып 5 блокқа әрқайсысының құрамына 10-30-дан асатын 150 тақырыптар енгізіліп құралған. Бұл бітірушілерге кең көлемдегі тақырыптарды таңдауға мүмкіндік береді. Ал, мемлекеттік емтихан билеттері негізгі 3 пәннен жасалған / ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери Жарғысы, Бастапқы әскери дайындық негіздері, Саптық дайындық/ Кафедраның материалдық базасы жыл санап жақсаруда, яғни әрбір өткізілетін пәндерге арнайы заманауи үлгіде оқу-кабинеттер жабдықталған. Атап айтқанда: 10 компьютермен жабдықталған білім алушыларға арналған компьютерлік сынып - 206 аудитория, 4 интербелсенді тақта 201, 203, 204, 205, аудиторияларында орнатылды, сонымен қатар ПОҚ оқу-әдістемелік жұмыстарын өңдеу, ғылыми еңбектермен толық айналысулары үшін 5 компьютер орнатылған және әскери педагогика және психология аудиториясы қажетті жиһаздар жаңартылды. Кафедрада студенттерге сабақ жүргізетін оқытушылардың кәсіби және әскери-педагогикалық деңгейі жоғары. Маман дайындауда біліктілік және жоғары сапалы білім беру мақсатында төмендегідей пәндік жүйе бойынша сабақ жүргізіледі. Атап айтсақ: Ø Кәсіби пәндер бойынша әскери жоғары шенді ұстаздар /полковниктер: әск.ғ.к., доцент В.В.Ващенко, А.С.Мартикьян, подполковник: аға оқытушы К.А.Кулатаев, аға лейтенанттар: аға оқытушылар, Оспанкулов Е.Е., Байғалиев А.; Ø Әскери педагогикалық - психологиялық және медициналық-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дәрежесі жоғары ұстаздар/п.ғ.д., Е.З.Батталханов, т.ғ.д., профессор С.Т.Орумбаев, м.ғ.к. С.Тәукейұлы, б.ғ.к., доцент Р.Ж.Нарибай, аға оқытушы Сеитова А.Л./; Ø спорт саласындағы пәндер бойынша Әлемдік деңгейдегі Чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпаздары /п.ғ.к., доцент Ж.И.Жунусбеков, аға оқытушы С.Кунай/ ұстаздық қызмет атқарады. 2016/2017 оқу жылында кәсіби біліктіліктерін арттыру орталықтарынан, сертификат алған ОПҚ туралы: 1. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының барлығы 2-3 жыл қатарынан АҚ «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курсына қатысып, 5 жылдық сертификатпен қамтылған. 2. НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген біліктілікті арттыру курсынан кафедраның жас мамандары 3 аға оқытушылары Оспанкулов Е.Е., Сеитова А.Л., Байғалиев Ә.М. өткен. Ашық және өзара сабаққа қатысу: Кафедра университеттің ағымдағы бақылауды ұйымдастыру жүйесі бойынша талапқа сай ПОҚ-ның ашық сабақ өткізу кестесінде 3 оқытушы /әск.ғ.к., доцент Ващенко В.В., аға оқытушылар: Байғалиев Ә., Оспанкулов Е.Е./ көрсетілген. Аталған оқытушылардың Ашық сабаққа қатысу нәтижесі бойынша пікірлер қағазымен ашық сабақ жоспары арнайы СМЖ папкасына тіркеледі. Сондай ақ, кафедра ПОҚ-ы өзара сабақтарына қатысу туралы кестесі түзіліп, журналға жазылып отырады.
|